Томирис
← Артқа оралу

Томирис

Режиссер(лер): Режиссеры – Ақан Сатаев

Шыққан жылы: 2019

Сипаттамасы:
Бұл ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымы туралы фильм. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудың тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасады. Өндіруші: Ш.Айманов «Қазақфильм» киностудиясы, «Сатайфильм» кинокомпаниясының қатысуымен Жыл: 2019 Бас продюсер: Әлия Назарбаева Қоюшы режиссер: Ақан Сатаев Сценарий авторлары: Әлия Назарбаева, Тимур Жақсылықов "Томирис" фильмі 2020 жылы Париждегі беделді l'Étrange Festival кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов бастаған қазақстандық Nomad Stunts каскадерлер тобы фильмде трюктерді қойғаны үшін Дүниежүзілік Каскадерлер Академиясының (АҚШ)ең беделді Taurus сыйлығын алды.

Фильмді көру