Қазақстан тарихы бойынша глоссарий

Санаттар:

«Барбаросса жоспары» ( нем. «қасиетті Рим империясы» императоры I Фридрих Барбароссаның есімімен аталтан)

фашистік Германияның КСРО-ға қарсы агрессиялық соғысының жоспары осылай аталған. Жоспарда кеңес әскерлерінің негізгі бөлігінің Ресейдің ішіне қарай шегінуіне жол бермей отырып, Днепр және батыс Двина өзендерінің батыс жағында талқандау көзделді. Одан кейін Мәскеуді, Ленинград пен Донбасты алып, Архангельск-Еділ-Астрахань бағытына шығу жоспарланды.

«Маусым жарлығы»

тыл жүмыстарына және соғыс жүріп жатқан аудандарда қорғаныс құрылыстары мен әскери жолдарды салуға Терек жоне Кубань облыстарынан, Закавказьеден, Орта Азиядан, Қазақстан мен Сібірден жат- жұрттықтардан әскерге мобилизация жариялау туралы патша жарлығы. 1916 жылы 25 маусымда шықты.

«Тоқырау жылдары»

1965-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасының бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр дамуы. Өнеркәсіп, өндіріс орындарының өнім, табыс бермей дағдарысқа ұшырауы

Австралопитектер

(продовольственная разверстка) - 1919-1921 жж. Кеңес өкіметінде ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау жүйесі. РКФСР Халык комиссариатының 11.01.1919 ж. декретімен шаруалар мемлекетке басы артық астық және өнімдерді тұрақты бағамен беруге міндетті болды. Азық-түлік салғырты соғыс коммунизм саясаты елдегі әскери экономикалық қиын жағдайларға байланысты енгізілген.

Автономия

бір мемлекеттің шеңберіндегі жеке ұлттың саяси жағынан өзін-өзі билеуі, жеке басқарушылық

Азык-түлік салығы

1921-1923 жж. РКП(б) X съезінің шешіміне сәйкес шаруа қожалықтарынан азык-түліктей алынды. Бүл азық-түлік салғыртын алмастырды. Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы актісі. Азық-түлік салығы шаруалардың материалдық мәртебесін күшейтіп, астық және басқа өнімдерді өндіруді арттырды.

Азык-түлік салғырты

(продовольственная разверстка) - 1919-1921 жж. Кеңес өкіметінде ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау жүйесі. РКФСР Халык комиссариатының 11.01.1919 ж. декретімен шаруалар мемлекетке басы артық астық және өнімдерді тұрақты бағамен беруге міндетті болды. Азық-түлік салғырты соғыс коммунизм саясаты елдегі әскери экономикалық қиын жағдайларға байланысты енгізілген.

Аксиома

нанымдылығы ақиқат (шындық) болғандықтан логикалық дәлелдеусіз алынатын қағида

Алаш қозғалысы

ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық күресі

Ангоб (фр.)

қыш бүйымдарының сыртқы кедір-бүдырын тегістейтін және оған қандайда бір түс беретін ақ және түрлі түсті саздан жасалатын қаптау материалы.

Анимизм (лат. жан, pyx)

табиғаттан тыс, көзге көрінбейтін, тірі жөне өлі табиғат құбылыстарын басқаратын құбылыс бар деп түсінушілік.

Антропогенез ( антропо+ генез)

адамның дене қалпының қалыптасуындағы тарихи-эволюциялық процесс, оның бастапқы еңбек қызметі, сөзі.

Антропогонизм (грек, дау, күрес)

қайшылық, озара оштескен екі жақтың, ағымдардың келісімге келмейтін күресін сипаттайтын қарама-қарсылық.

Антропология ( антропо+логия)

адамның жаратылысы мен эволюциялық даму жолын, адамзат нәсілінің пайда болуы мен адамның қалыпты дене қүрылысының қалыптасу барысын зерттейтін ғылым.

Аридтік зона

егіншілік тек қолдан суару арқылы ғана дамуы мүмкін, ылғалдылығы аз географиялық зоналардың (шөл және шөлейт) жинақтама атауы

Архантроптар ( грек, ежелгі адам)

эволюциялық даму деңгейі мен мәдениеті жағынан бір-біріне үқсас қазып алынған ежелгі адамдардың қаңқалары (зиджантроп, питекантроп, синантроп және т.б.)

Археология ( грек сөзі archaeology)

ежелгі адамдардың тарихын заттық және материалдық қазба ескерткіштердің негізінде зерттейтін тарих ғылымының бір саласы.

Асар

ауқымды да күрделі жұмыстарды атқаруда бірлесіп көпшіліктің көмегімен еш қайтарамсыз пайдалану дәстүрі.

Атпа

ағаш ожау тәріздес егінге су шығаратын қарапайым құрылғы.

Басыбайлылык (крепостнойлык)

құқық шаруалардың феодалға бағыныштылығының бір түрі: оларды жерге бекітіп қояды және феодалдың әкімшілік сот биліктеріне бағынады.

Бесжылдык жоспар (бесжылдық)

КСРО-дағы әлеуметтік-экономикалық дамуды бір орталықтан жоспарлаудың негізгі нысаны. Мемлекеттік бесжылдық жоспар партия съездерінің шешімдері негізінде жасалды.

Большевиктер

саяси партия. 1903 жылы Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясының ІІ съезінде ұйымдастырушы мәселелерге қатысты тартыста В.И.Лениннің басшылығында жақтаушылар көпшілік дауыс алғанына байланысты осылай аталып кетеді. Марксизм идеяларымен қаруланған бұл партия кейін коммунистік деп аталды.

Буржуазиялык революция

феодалдық құрылысты немесе оның қалдықтарын жоюды алдына мақсат етіп қоятын революция; тәуелді және отар елдерде ұлттық тәуелсіздікті алуға бағытталған.

Бюджет тапшылығы

мемлекет бюджетінің кірісінен гөрі шығысының артып кетуі.

Верста

ескі орыс ұзындық өлшем бірлігі, 500 құлашқа немесе 1,06 км тең.

Гейдельберг адамы

қазып алынған ежелгі адамдардың бір түрі. 1907 жылы Гейдельберг қаласының (Германия) оңтүстік шығысында, 17 шақырым жерде Мауэр деревнясынан адамның төменгі жақ сүйегі табылған.

Гиперинфляция

бағалар тез өсіп, инфляцияның шарықтап кеткен түрі

Гурхан (түркі-моңғ. кур-гур)

Орталық Азия халықтарының кейбір көшпелі тайпаларының бірлестігі, өз еріктерімен біріккен 8 тайпаның конфедерациясында Гурхан атағын қарақытай билеушісі иеленген.

Девальвация (лат. de - күшін жою; valeo — мәнді, құны бар)

халықаралық қаржы нарығындағы, ұлттық қаржы бағамының төмендеуі, қаржы қорының азаюы, мемлекеттің төлейтін теңгерімі және тез арадағы сауданың төмендеуімен байланысты, ұлттық ақша бірлігінің тұрақты құндылығының заңды дәрежеде төмендеуі, құнсыздануы

Декларация (лат. declaratio хабарлау, жариялау)

мемлекет, үкімет, партия және үйымдар атынан мәлімдеме.

Декрет ( лат. decretum қаулы)

қандайда бір мәселе бойынша заңдық күші бар жоғары биліктің қаулысы.

Демография

халықтың құрамын, санын және өсуін зерттейтін ғылым.

Демократия

өкімет билігі халықтың қолында болатын құрылыс, халық билігі.

Депортация (лат. deportatio - шығару)

мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару. Депортация жиі басқа бір мемлекетке шығып кеткен шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады

Диаспора (гр. διασπορά - шашыраңқы)

ұлттық ата-жұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін халықтың бір бөлігі. Диаспора ұлттық шығарып жіберу, геноцид қаупі және т.б. факторлар әсерімен пайда болады.

Диктатура (лат. dictatura шексіз билік)

мемлекеттегі билікті жүзеге асыру жүйесі; адамның, топтың, таптың шексіз билігі.

Докторина (лат. doctrina)

теориялық немесе саяси принциптерді басқаратын ілім, ғылыми немесе философиялық теория.

Жандармерия ( фр. gendarmerie)

әскери үйымы бар жоне елдің ішінде және әскерде күзет функциясын орындайтын полиция. 1827-1917 жж. Ресейде жандармдар корпусы саяси полицияның ролін атқарды.

Жатақ

дәстүрлі қазақ қоғамындағы көшіп-қонатын күш көлігі болмағандықтан, үнемі қыстауда немесе қала маңында тұрып күн көрген кедейлердің ерекше әлеуметтік тобы.

Жаңа экономикалық саясат

ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды.

Жоспарлы экономика

— өндіріс пен бағаны мемлекет толық бақылауда ұстайтын жүйе.

Жұмысшы факультеті (рабфак)

КСРО-да 1919–1930 жылдары ересектерге арналып ашылып, жалпы білім берген оқу орындары.

Жұт

ауа райының аса қолайсыз құбылыстары (қуаңшылық, жерді көк мұз басуы, тағы да басқа) салдарынан белгілі бір аймақ тұрғындарының экономикалық күйзеліске ұшырауы

Жәдитшілдік

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық қозғалыс.

Идеология (грек, idea үғым, түсінік. Logos соз; үғым, ілім)

саяси, құқықтық, өнегелілік, діни, эстетикалық және философиялық көзқарастар мен идеялардың жүйесі, онда адамдардың шындық болмысқа қатынастары танылады және бағаланады.

Иммиграция (латынша іm-mіgrare – көшіп келу)

қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша (Қазақстан заңнамасы бойынша алты айдан көп мерзімге) тұру үшін көшіп келуі.

Индустрияландыру

халық шаруашылығының барлық салаларында ірі машина өндірісін құру процесі.

Интеграция (лат. integer тұтас)

бір типтес қоғамдық құрылыстағы екі немесе одан да көп мемлекеттердің экономикадағы ұлттық шаруашылықтарының бір-біріне үйлесуі және бірігуі.

Интенсивті эконмика

техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің тиімді өсуі.

Интервенция (лат. interventio кірісу. араласу)

бір немесе бірнеше мемлекет бірлесіп, өзге мемлекеттің ішкі ісіне немесе үшінші мемлекетпен арақатынасына күш қолдану арқылы араласуы. Интервенция әскери экономикалық дипломатиялық идеологиялық болуы мүмкін.

Ирридента

өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда ол аумақта түрлі себептермен өзге ел құрамына еніп, сонда қалып қойған этникалық топ.

Кадеттер

Конституциялық-демократиялық партия (КДП) мүшелері. Кадеттер 1917 жылы Ақпан төңкерісінде монархияны сақтап қалуға күш салса, көп ұзамай сол жылы болған Қазан төңкерісі кезінде республикалық жүйені жақтады.

Казачество

Қазан революциясына дейінгі Ресейдегі әскери сословие. Басыбайлы шаруалардың бір бөлігі қанауға шыдай алмай Ресейдің оңтүстігі мен шығысына қашып барып ХҮ-ХҮІІ ғғ. әскери-феодалдық сословие ретінде пайда болды. Казактар тек озінің бостандығын алып қана қойған жоқ. Ресей мемлекетінің шекара қауіпсіздігін де қорғады.

Капитализм (лат. capitalis)

капиталистік қоғамның үстем табы, өндірістің маңызды құралдарының меншік иесі, жалдамалы еңбекті пайдалану.

Кебеже

сүрленген етті, кептірілген құртты және басқа тағамдарды салып қоятын көшпенділердің үй жиһазы.

Кесінді (отрезки)

1861 жылғы реформадан кейін помещиктің есебінен шаруалардың пайдалануына бөлініп берілген жер кесіндісі.

Коллегия (лат. collegium)

Ресейде 1 Петр кезінде қүрылған мемлекеттік баскарудың жекелеген салаларын басқаратын орталық мекеме.

Колония (лат. colonia қоныстандыру)

саяси жоне экономикалық дербестігінен айырылған және арнайы режиммен басқарылатын, басқа шетелдік мемлекеттің қоластына қарайтын ел немесе аумақ.

Конфедерация

тәуелсіз мемлекеттердің белгілі бір ортақ мақсатқа жету үшін жасасқан түрақты одағы.

Кооперация (лат. coperatio бірлесу)

1) еңбекті үйымдастыру нысаны, онда көп адамдар бір-біріне өзара байланысты бір немесе әртүрлі еңбек процесіне бірлесіп қатысады; 2) кооператив мүшелерінің топтық меншігіне негізделген өндірісті социалистік ұйымдастыру нысандарының бірі.

Кордон

шекара күзеті болатын жер.

Манифест (лат. manifestum шакыру)

1) кандайда бір ірі саяси оқиғаға байланысты халыққа арналған мемлекеттік жоғары биліктің немесе мемлекет басшысының актісі; 2) қызметінің бағдарламасы мен принииптері қамтылған саяси партиялардың декларациясы, шақыруы.

Мануфактура (лат. Manus рука + factura дайындау)

еңбек бөлінісіне және қолмен істейтін қолөнер техникасына негізделген кәсіпорын.

Мауераннахр (мавераннахр - араб.)

Әмудария және Сырдария өзендері аралығындағы жер. Орталығы Самарканд қаласы. YІІ ғасырдан басталған атау.

Мемлекет

қоғамдық еңбек болінісі, жеке меншіктің шығуы мен таптардың қүрылуы нәтижесінде пайда болды. Мемлекеттің белгілері: 1) мемлекеттік биліктің функцияларын жүзеге асыратын органдар мен мекемелердің ерекше жүйесінің болуы; 2) мемлекет рұксат беретін белгілі бір нормалар жүйесін бекітетін құқықтың болуы; 3) сол мемлекеттің қарауына жататын аумағының болуы.

Миграция (лат. migratio — көші-қон, қоныс аудару)

адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі.

Мифология (грек, аңыз, ертегі, сөз, әңгіме)

алғашқы қауымдық қүрылыстың адамдарына тән дүние туралы қиял-ғажайып үғым.

Наркескен (қаз.)

жекпе-жек ұрыстарда пайланатын қылыш тәрізді қару.

Нарықтық экономика

сұраныс пен ұсыныс заңына негізделген, жеке меншікке және бәсекелестікке негізделген жүйе.

Неандертальдар (Германиядағы Неандерталь алқабының атауына байланысты)

ерте палеолитте өмір сүрген ежелгі адамдар (палеонтроптар).

Оппозиция ( лат. oppositio қарсы тұрушылық)

қандайда бір саясатқа қандайда бір әрекетпен, көзқараспен қарсы түру, қарсылық білдіру; 2) көпшіліктің немесе саясат жүргізушінің үстемдік ететін пікіріне тіке қарсы шығатын партия немесе топ.

Панисламизм

барлық мұсылман қауымының біртұтас ислам мемлекетіне бірігуін негіздейтін діни-саяси идеология.

Пантүркизм

түркішілдік, ХХ ғасырдың басында пайда болған, Түр-кияның қамқорлығымен түркі тілдес халықтардың бір мемлекетке бірігуін көздейтін ағым.

Петиция (лат. petitio – сұрау)

ұжымдық үндеу (талап, тілектер, өтініштер). Мемлекет басшысына немесе жоғары өкімет органына көпшілік атынан тапсырылатын жазбаша өтініш.

Питекантроп ( грек, маймыл, адам)

ең ежелгі адамдардың бір түрі. Оның қаңқаларын бірінші рет голландтық дәрігер Е. Дюбуа 1890-1892 жж. Ява аралынан тапқан.

Прогрессивті

бүкіл адамзат тарихы мен қоғамның заңды түрде дамып, алға басу үдерісі.

Пролетариат (жүмысшы табы)

капиталистік қоғам таптарының бірі; өндіріс құралдарынан айырылған жалдамалы жүмысшылар, олар өздерінің жүмыс күшін сатып күн көреді.

Пролетарлық (Социалистік ) революция

коммунистік партияның басшылығымен жұмысшы табының шаруа еңбеккерлерімен одақтасып жасаған революциясы.

Рабад (араб.)

шахристаннан тыс жерде орналасқан ортағасырлық Шығыстың феодалдық қалалары маңындағы қолөнер қоныстары.

Революция (лат. revolutio бұрылыс, төңкеріс)

бір формациядан екіншісіне тез секіріп өтетін түбегейлі төңкеріс, қандайда бір табиғат, қоғам, сана құбылыстарын күрт өзгерту. Мұндай секірістер эволюциядан да, реформадан да өзгеше ерекшеліктерге ие.

Репатриант

тарихи отанына қайтқан қандастар.

Реформа (лат. reformо қайта жасау, жаңарту)

қолданыстағы әлеуметтік, қоғамдық өмірдің қандайда бір жақтарын жаңарту, өзгерту, қайта құру; кез келген мазмұндағы жаңа өзгерістер түрінде болады, бірақ реформа деп әдетте прогрестік қайта жаңаруды айтады.

Саяси партия (лат. pars бөлік, топ)

белгілі таптың немесе әлеуметтік бөліктің мүдделерін жақтайтын және белгілі бір мақсаттар мен идеалдарға қол жеткізуде оның саяси қызметін басқаратын саяси үйым; таптық үйымның ең жоғарғы түрі.

Синантроп

қытай адамы. Оның қаңқасы бірінші рет Қытайда Пекин қаласының маңынан табылған.

Сырмақ (қазақша сыру, тігу)

төсеніштің бір түрі. Қазақтар сырмақты әртүрлі әдіспен, ою-өрнектер салып, әсемдеп тігетін болған.

Сұлтан (араб-түрік тілдерінде билік, билеуші)

шығыстың кейбір мүсылман елдерінде ірі феодалдары да осылай атаған. Қазақстанда сұлтан атағы Шыңғыс ханның тұқымдарына берілген. Тәуке хан «Жеті жарғыда» сүлтан атағын заң жүзінде бекітті.

Тамға (қаз. таңба)

алғашқыда моңғолдар оны малға таңба салу үшін пайдаланған, кейін қазақ хандығында қүжаттар мен іс қағаздарына басылатын мөрді осылай атаған.

Тенденция (лат. tendentia бағыттаушылық)

қандайда бір құбылыстың, ойдың, идеяның дамуын бағыттау.

Толеранттылық (лат. tolerantia – төзімділік, көнбістік)

басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиет

Тотемизм ( тотем солтүстік америка үнділерінің оджибве тайпасының тілінде оның тегі дегенді білдіреді)

белгілі бір адамдар тобының арасындағы табиғаттан тыс құдыретті туысқандық туралы ұғыммен байланысты қоғам ру-тайпаларының сенімінің, аңыздарының, салттарының және дәстүрлерінің жиынтығы, екінші жағынан тотемдер деп жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін айтады.

Тұмар

пәле-жаладан сақтану үшін мойынга тағып жүретін қасиетті зат.

Тәркілеу (конфискация: лат. confiscatio)

– 1) мүлікті, ақшаны және т.б. сот актісіне сәйкес мемлекет меншігіне күштеп әрі ақысыз тартып алу; 2) басылымды айналымнан алып қою.

Федерация (лат. foederatio одақ, бірлестік)

мемлекітік құрылымның нысаны, онда федералдық бірлестік құрамына мемлекеттік - федерация мүшелері кіреді.

Шахристан (иран.)

ортағасырлық Шығыстағы қорғаны бар феодалдық қалалардың негізгі орталығы.

Экономикалық дағдарыс (артық өндіріс дағдарысы)

экономиканың дамуы барысында өндіріс ырғағының бұзылуын күштеп қалпына келтіру. Ол өндірістің қүлдырауынан, өндіріс қуатының толық іске қосылмауынан, жұмыссыздықтың артуынан, ақша-несие және валюта-қаржы жүйелерінің бұзылуынан көрінеді.

Экстенсивті даму жолы

экономиканың бұрынғы техникалық негіздерін сақтай отырып, сандық факторлар: қосымша жұмыс күшін тарту, кәсіпорындардың, цехтардың, телімдердің санын, жаңа құрылыс нысандарын көбейту есебінен өндірістің көлемін ұлғайту тәсілі. Экстентивті даму жолында өндіріске ресурстар (табиғи, еңбек, материалдық ресурстар) көп көлемде тартылады, бірақ бұл орайда техника мен технологияда, еңбекті ұйымдастыруда, қызметкерлердің біліктілігінде елеулі өзгерістер болмайды.

Эмиграция

өз еліндегі тұрғылықты мекенін бөтен елдегі тұрғылықты жерге айырбастау.

Эрозия

топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен немесе су ағынының шаюы салдарынан құнарының азаюы. Жел эрозиясы кез келген топырақ типінде кездесіп, жел күшімен топырақтың беткі қабатын, кейде өсіп тұрған өсімдігімен бірге басқа жаққа ұшырып әкетеді.

Ядорсыз аймақ

ядролық қаруды сынамайтын, өндірмейтін, орналастырмайтын, сақтамайтын әрі тасымалдамайтын еркін аймақ. Ядросыз аймақ тұтастай аймақ, жекелеген мемлекеттер немесе мемлекеттің бір бөлігі болуы мүмкін.

Қаған

көптеген түркі халықтарының ерте ортағасыр кезеңіндегі мемлекет басқарушысы. «Қаған» термині бірінші рет қытай шежірелерінде 312 жылы жазылған. Алғашқыда «қаған» атағын жужандардың билеушілері, ҮІ ғасырдың ортасынан бастап Түрік қағанаты, кейін ол басқа да генетикалық байланыстары бар түркі тілдес халықтар мен мемлекеттері иеленген.

Қола дәуірі

қоладан қару-жарақ, әшекейлер мен үй мүліктерін жасау кеңінен тараған мәдени-тарихи кезең. Хронологиялық шеңбері - б.зд. III мыңжылдық - б.з.д. I мыңжылдықтың басы.

Қызыл отау

Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы қыз-келіншектердің сауатын ашу үшін ұйымдастырылған киіз үй.

Ұжымдастыру (коллективизация: лат. coilekti vus жинақтаушы)

қоғамдастырылу; ауыл шаруашылығын (социалистік елдерде) ұжымдастыру, ұсак жеке-жеке болған шаруа шаруашылықтарын ірі социалистік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына - артельдерге. колхоздарға және т.б. біріктіру.

Ұлт ( нация, лат. natio тайпа, халық)

қауымдастықтың калыптасу процесінде оның аумағы, экономикалық байланыстары, тілі, мәдениетінің ерекшелігі мен мінез-құлқы қалыптасатын адамдардың тарихи кауымдастығы.

Әлеуметтік революция

тарихи ескірген қоғамдық құрылыстан неғұрлым прогрессивті түріне өту тәсілі; қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы түбегейлі сапалық төңкеріс.