ТАРИХ НЕГЕ КЕРЕК?
"…тарихшының жауаптылығы мынадан шығады, әр халықтың және ұлыстың аңызы мен хабарын сол қалпы, өзгертпей, олар өз кітаптарына немесе аңыздарына қалай енгізсе, сол қалпында бергені міндет. …Осы себептен, мүмкіндік болса, әр халықтың ауызша аңыздары мен әңгімелеріне енген жағдайдың бәріне салмақты қараған жөн. Оның бәрі көпшілікке сенімді, немесе кей халық оны толық мойындайды, тіпті ішінде шындығы мен өтірігі қатар келсе де, тарихшы өз ісіне жауапты қарап, сыйлы және белгілі адамдардан естігенін және сенімді кітаптардан алғанын өз жанынан ештеңе қоспай жазуы қажет. Егер ол өз қиялына беріліп, оған өзгеріс енгізсе, онда сөзсіз ол баяндаудың қате және негізсіз болып шыққаны.
Ғұламалар мен ғалымдардың тәртібі мен дәстүрі мынадай: әр ұлы оқиғаны, әр дәуірдің жақсылығы мен жамандығын қаз-қалпында, ай-күнімен беру. Содан кейін келер ұрпақ және қабілетті түқым алдында беделі болып, осы арқылы кітап бетінде атақты патшалар мен бақытты билер жөнінде мағлұмат мәңгілік қалар еді, себебі оны ескермеген жағдайда оқиғалар мен болған істер күндер мен айлар, жылдар мен дәуірлер өте келе адам жадынан өшіп, көмескіленіп қалады".
Рашид-ад дин. Сборник летописей – 1952. - т.1., кн.1. - 50-65-бб. Қазақстан тарихы: Оқулық хрестоматия / Құраст.: Ж.Артықбаев – Астана: «Фолиант», 2003. – 264 бет. – Б. 10
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ – ТАРИХ
"Бұл елдің, одақтың тәуелсіз тұтас ел есебінде өз бетімен жаңа өмір тіршілік жасай бастаған уақытын дәл анықтау өте қиын, тіпті, мүмкін емес. Алайда, халық аңыздары тарихи факті болмаса да, осы кезең турасында тиянақты жалпы пікір білдіреді. Қай елдің болмасын аңыздары, әсіресе тарихи аңыздары маңызды деуге келмеген күнде де өте қызғылықты. Осы түрғыдан келгенде, қазақ аңыздары өзінің ерекше қарапайымдылығымен, ашықтығымен және қиял-ғажайыптар ауылынан алыс шынайылығымен, сенімділігімен сыйлы орын алды. Көп жағдайда Әбілғазы және қазақ қаламынан шыққандығымен даңқты "Жәмиат тауарих" деректерімен дәлелденеді. Ауызша айтылғанына қарамастан, уақыт елегіне, ұрпақ талғамына шыдап өтіп, көне жырлар мен аңыздар ақындардың керемет жады мен мүмкіндіктерінің, елдің өз ата-бабаларының ерлік істерін баяндайтын өлең, жыр, аңыз бен ертегіге деген махаббатының арқасында осы күнге дейін жап-жақсы сақталған. Ұлан-байтақ даланың әр қиырынан жинақталған көшірмелер бір-біріне таңғажайып ұқсас. Қазақтар туралы, олар көне түрік әлемінің бүкіл соларға тән әдет-ғұрпымен, ойын-тойымен, тарихи жырлардың орасан зор қорыменен, әр заманда өмір сүрген ақындардың өлендерімен, музыка мен ойын-сауыққа әуестігімен, құқықтық ел ғұрыптарының үлкен кодекстерімен, жазба-билік жолыменен сақталып қалған қазынасы деп кесіп-пішіп айтуға болады.
Өз бетімен ел болғаннан бері не бір салмақты оқиғасын, не даңқты адамын естен шығармай, ел жадында жазылмай қалмаған. Біреуін ақын жырласа, басқасын ұрпақтарының жадында мәңгілік қалып, өзінің өшпес күйлерімен сыбызғышылар мен қобызшылар жазып кеткен. Әрбір ру басы, сыйлы қазақ өзінің руының шежіресін толық біледі. Өзі тәрбиелі, тәртіпті топ қатарына кіру үшін, халық алдында абыройлы, билігі өтімді кәрі билер жетекшілігімен, әдет-ғұрып заңдарын ыждахатпен жаттайды. Шешендік өнерді менгеріп, көптеген мақал, мәтел, әзіл-қақпай сөздерді жадына тоқып жетіледі, әсіресе, соның арқасында қазақ әзіл-қалжың жағына ұста болып жетіледі. Өкінішке орай, енді бір он жылдан кейін "мұның бәрі бұрын болған" деуден басқа амал жоқ. Біздің халық
күрт өзгеріс үстінде".
Ч.Ч. Валиханов. Киргизское родословие. Собрание сочинений в пяти томах. Алматы, 1985. - т. 2. - 157-б. Ш. Уэлиханов //Таңдамалы. Алматы, 1985. - 111-115 -бб.
ТАРИХИ ҮДЕРІСТІ КЕЗЕҢДЕРГЕ БӨЛУ
Біздің заманымыздан бұрын миллион жылдың шамасы, Қазақстан жерін алғашқы адамдар қоныстана бастады. Ол дәуірді тарихи әдебиеттер ерте палеолит деп атайды (палео - көне, литос - тас). Оларды адам дегеннен гөрі адам тектес гоминид деп атаған жөн, себебі адамзат баласына тән көптеген қасиеттер ол заманда әлі де қалыптаспаған болатын. Қазақстан жеріне гоминидтердің қай жақтан келгені анықталған жоқ, мүмкін, Шығыс Азиядан, мүмкін, Кіші Азиядан келген болар деген жорамал бар. Сонымен қатар адамзат баласының қалыптасу процесіне Орталық Азия өзінше үлес қосты дейтін де ғылыми тұжырымдар бар. Оның бір көңілге қонатыны - адамның ақыл-ойы, қоғамдық тіршілігі күрделі табиғи ортада ғана қалыптасуы мүмкін деген жорамалы. Бұл қисынды сөз, неғүрлым солтүстікке қарай мекендеген адамдар соғұрлым табиғат қаһарымен көбірек күресуге мәжбүр екендігі белгілі, ал оңтүстік өлкесі жаймашуақ табиғатымен, азық-түліктің молдығымен, адамды қанағатшылық сезіміне көбірек бөлесе керек. Қалай дегенмен де, адамзат баласы – табиғаттың төл баласы ғана емес, сонымен қатар, күресуші тұлға.
Қазақстан жеріне тас дәуірінің қай кезеңі болмасын ескерткіштерді мол қалдырған. Олардың ішінде әсіресе тастан жасалған қару-жарақтардың орыны бөлек. Археологтардың зерттеуіне негіз болатын алдымен осы мұра. Тас қаруларын зерттеу барысында ғалымдар тас дәуірі үшке бөлінетінін анықтады: палеолит, мезолит (орта тас дәуірі - б.э.д Х-XII мыңжылдықтар ұлы жаңалықтар ашқанының куәсі) және неолит. Егіншілік пен бақташылық сияқты кәсіптер осы жаңа дәуірдің нәтижесі. Неолит үш мыңжылдыққа созылғанымен, тарихқа қосар жемісі бәрінен де мол болды. Әрине, ол жаңалықтардың бәрінің де негізі миллиондаған жылдарға созылған палеолиттің заманында қаланғанын ешкім де жоққа шығара алмайды.
Адам эволюциясын анықтауға тек қана тас қарулары ғана емес, қазба жұмыстарынан табылған сүйек қалдықтары да үлес қосады. Өкінішке орай, неолит дәуірінен болмаса, палеолиттен адам қаңқасы табылған жоқ. Сол себепті Қазақстан жерін ол кезенде мекендеген адамдардың нәсілі синантроп (Қытай адамы) немесе питекантроп (маймыл адам) тектес болар деген жорамал бар. Б.э.д. 100 мың жыл бұрын қазақ жерін неандерталь кейіпті, кескінді адамдар жайлаған. Ал енді соңғы мұз басу кезеңінен кейін (40-35 мың жылдар бұрын) қазіргі адамдар толық биологиялық түрғыдан қалыптасып болса керек. Оларды ғылыми әдебиетте "хомо сапиенс" деп атайды, ал адам эволюциясының түпкі төркіні "хомо хабилис" - шебер адамнан басталады, синантроп пен питекантроп заманын "хомо еректус"- аяғымен тік жүрушілер деп те атайды.
Б.э.д. 10 мың жылдай бұрын Қазақстан жерінің флорасы мен фаунасы өзгеше болған. Сарыарқа өлкесінде сыңсыған емен ағаштары өсіп, оның арасында мамонт, жүндес мүйізтүмсық, бизон бұқалары, үңгір аюы, арыстан, жолбарыс жүрген. Далалық көк шалғынды өлкеде киік, арқар, марал қойдай жайылып жүрген. Бертінірек ірі аңдардың азайып, табиғаттың қуаң тартуы адам өмірін күрделі өзгерістерге душар етті. Ұсақ аңдарды аулау үшін амал жоқ аңшылық әдістерін дамыту керек болғаны аян. Аң аулаушы рулар өмір сүру үшін ұзақ сапарларға аттануға мәжбүр болды. Бірнеше ру қауымдары қосылып, күзге қарай жылы жаққа жылжыған аңдардың жолын тосып, қамап ұстау үшін әр түрлі құрылыстар салды. Осы бір салт кейін келе бақташылықтың негізін салса керек. Оның басты шарты малды қолға үйрету болып табылытыны хақ. Орта есеппен шаққанда 40-50 адамнан тұратын аңшылар қауымы үшін жылына 10 т. ет керек. Осыншама етті 750 км2 ғана қамтамасыз етуі мүмкін. Сонда бүкіл Қазақстан жері бар болғаны 3500 қауым ғана мекендеуге жетеді. Қарап отырсаңыз, тас дәуірінде біздің өлкемізде 150 мың шамалы адам қоныс еткен. Халықтың санының өсуі амалсыздықтан аңшылықтан өзге де кәсіп түрлерін игеруге бастағаны сөзсіз. Соның ішінде ең пайдалысы және жер мен ауа райына
келетіні - бақташылық.
Адамдар бірден қауым құрып, отбасы болып тұрған жоқ. Әрине, жалпы адам тектестердің дүниеге келуі, олардың санасының өзгеден жоғары болуы жаратылыстың басты құпиясы екені рас. Бірақ қауым мен отбасын қалыптастыру үшін гоминидтер бірнеше миллион жыл күрескені даусыз. Алдыменен көрші отырған ру бір-бірінен қыз алатын, қыз беретін болып "дуальдік" одақ құрса керек және ол заманда қауымды ұстап тұрған, туыстастырған аналар деп есептеуге болады. Дуальді некеден жұпты отбасы бертінірек бөлінгенге ұқсайды. Неолит кезеңінде ұсақ рулар ірі тайпалық одақтар құру процесіне өтті. Осыған байланысты неолитті этнос пайда болған дәуір деуге толық негіз бар.
Палеолит дәуірінде адамдар көбінесе табиғи баспаналарды, үңгірді пайдаланса, кейінірек тастан, ағаштан жер үйлер де сала бастады, ал діни сенімдері күн мен айды құдірет тұтуға негізделген. Әр түрлі андарды қасиет көріп, тотем есебінде құрметтеу де тас дәуіріне тән құбылыс.
Қазақстан тарихы: Оқулық хрестоматия / Құраст.: Ж.Артықбаев – Астана: «Фолиант», 2003. – 264 бет. – Б. 21-24
АНТРОПОГЕНЕЗ ТУРАЛЫ ЖАҢА МӘЛІМЕТТЕР
Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesis – шығу тегі) антропология ғылымының адамның шығу тегі мен дамуы тарихын, оның жоғарғы биологиялық түр болып қалыптасуы және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде приматология, эмбрология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биологиялық жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді.
Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі: 1) ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтар) саналады. Олар, негізінде, екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған.Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2 – 3 млн. жыл бұрын. 2) келесі эволюциялық даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроп пен палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын. 3) ең соңғы эволюциялық дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40 – 50 мың жыл бұрын өмір сүрген.
Ең алғашқы приматтар өкіліне австролопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі болып есептелмейді. Австролопитектер бұдан 4,5 – 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Оларды антропологтар Л.Лики, Р.Лики (Англия), Д.Джохансон, Т.Уайт (АҚШ), т.б. зерттеді. Ежелгі адам тегінің бірі – шамамен бұдан 2 млн. жыл бұрын өмір сүрген презинджантроптар. Ғылымда оларды “Homo habilis” яғни іскер адам деп атайды. Өйткені олар аз болса да тас, ағаш сынықтарына біршама өңдеулер жасап, құрал ретінде пайдаланған.
Адам тегінің келесі даму сатысында архантроптар жатады. Олардың сүйектері Азияда (питекантроп, синантроп), Шығыс және Солтүстік Африкада (атлантроп), Батыс Еуропада (Гейдельберг және Вертешселлеш адамдары) табылған. Бұл дәуірдегі адамдар шелль мен алғашқы ашель мәдениеттерін жасаған. Ежелгі адамдардан ертедегі адамдардан ежелгі адамдар (палеоантроптар – неандерталь адамы), олардан қазіргі адамдардың арғы тегі кроманьон адамы, есті адам (неоантроптар) пайда болған. Морфологиялық ерекшеліктері бүгінгі адамдарға жақын. Антропогенездік зерттеулер есті адамдарда бұрынғы адам тектерінің кейбір белгілерінің қайталануы (рудимент, атавизм), эмбрионалдық, анатомиялық, биохимиялық, т.б. ұқсастықтары, әлеуметтік ерекшеліктерді (еңбек құралдарын жасау, пайдалану, т.б.), әр түрлі тағамдар әзірлеу, отты пайдалану, ойлау, сөйлеу қабілетін, т.б. жағдайларды анықтады. Бұл кезде жасанды тұрақ жай пайда болды, еңбек құралдары күрделене түсті. Әлеуметтік ұйымшылдыққа бейімделу байқалды. Тілдің пайда болуы арқасында әлеум. қарым-қатынас жоғарғы сатыға көтерілді. Мұның барлығы қосылып, табиғи ортаға бейімделу арқасында үйлесімділік танытты. Барлық адам баласы биологиялық бір түрге (Homo Sapiens) жататын болып қалыптасты. Демек, Homo Sapiensтің тарихи дамуы тоқтамай, жалғасып жатыр. Қазақстан жерінде ежелгі адамдар тұрақтары Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау, Жетісу), Батыс Қазақстанда (Маңғыстау, Мұғалжар), Орталық Қазақстанда (Сарыарқа, Балқаш) көптеп табылған.
Рогинский Я.Я., Левин М.Г., Антропология, М., 1978; Грант В., Эволюционный прогресс, М., 1991; Дерягина М.А., Антропология. Эволюция и биология человека, М., 1994.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАРТАС БЕТІНЕ САЛЫНҒАН СУРЕТТЕР ӘВОЛЮЦИЯСЫ
Жаңа тас дәуірі қоныстарының көптігі және тас құрал саймандардың молдығы - тайпалардың көшіп жүріп күнелткендігін білдіреді. Аңшы, терімшілердің үнемі күш үстінде жүруіне басқа да құбылыстардың ықпалы болуы ғажап емес. Жаңа тас дәуірінің иероглифтерінде аңшы қауымдар дәстүрі бойынша хайуанаттарды бейнелеумен қатар адам қатыстырылған нерогамиялық көріністер салынатын болған. Бұл - нақ осы дәуір өнерінің өзекті өрістерінің бірі еді. Жыртқышандар мен иттердің арқар, бұғыларды қуған көріністеріне де ерекше мөн берілген, сөйтіп хайуанаттар кейпіне келтіре отырып, ғарыш драмасы хақындағы ежелгі еуразиялық аңызды еске түсіреді. Ер адамдардың басын шалқасынан тастап, екі қолын көкке жайып түрған (адаорация) бейнелері мен күнге байланысты басқа да нышандар Күнгетабынушылықтың кең жайылғандығын дөлелдейді
.
Мейен Г. Гравкоры на скалах. A., 1979. С.169.
ҰЛЫ ДАЛАДАҒЫ ЭНЕОЛИТ ЖӘНЕ ҚОЛА ДӘУІРІ
Б.э.д. III мыңжылдықта Қазақстан жерін мекендеген қауымдар металды өндіруді кең көлемде қолға алды. Сол себептен б.э.д. IV-III мыңжылдықтар "энеолит", яғни "мыс тас" дәуірі деп те аталады. Қазақ жерінің түсті металдарға өте бай болуы кен өндірісінің дамып, әлемдік ірі орталықтың пайда болуына бірден-бір себеп болғаны анық. Адамдар алдыменен таза мысты қолданған, содан кейін барып оған қалайыны қосып, сапасын жақсартқаны байқалады. Таза мыс морт келеді және құрал-сайман жасауға ыңғайсыз, ал оның құрамына 10% қалайы қосылса, нағыз берік металл шығады. Қола өндірудің ең тамаша шоғырланған жері - Сарыарқа. Ғалымдардың есептеуі бойынша ерте кезеңде Жезқазған өңірінде - 100 мың тонна мыс рудасы, Өскеменде - 200 мың тонна, Имантауда (Көкшетау) - 50 мың тонна мыс өндірілген. Қалайының көлемі - 130 тонна болса керек. Өкінішке орай, тарихи ескерткіштерге дүрыс көзқарас болмағандықтан, ХХ Ғұндар ол жерлердің көпшілігі ғылыми түрде толық зерттелген жоқ.
Қола дәуірі деп аталатын б.э.д. II мыңжылдықта Қазақстан өлкесінде тек қола өндірісі дамып қана қойған жоқ, сонымен қатар, мал шаруашылығы, суармалы егіншілік қатар дамып, адамдардың күн көрісі, тұрмысы күрт жақсарғаны анық. Егіншілікпен айналысқан қауымдар өзен бойларындағы, бұлақ көздерінің жанындағы жерді барынша өндеп, суарып, мол өнім жинап отырған. Ал мал шаруашылығы жөнінде айтар болсақ, оның үлес салмағы біртіндеп күшейе түскенге ұқсайды. Алдыменен бақташылық үлгісі қалыптасып, қауымның бір бөлігі малмен бірге шұрайлы жайылым іздеп, қоныстан алыс көшіп жүрсе, қола дәуірінің соңына қарай (Беғазы - Дандыбай кезеңі) тұтас рулы елдер көшпелі мал шаруашылығына өте бастаған. Оған себеп тек табиғи ортаның өзгеріп, қуаңшылықтың көбеюі ғана емес, мал шаруашылығының пайдалы болғандығы да. Археологиялық әдебиетте қола дәуірінде қазақ жерінде пайда болған мәдениетті "андронов" (Сарыарқа және одан онтүстікке қарайғы жер) және "срубный" (Батыс Қазақстан - Еділ бойы) деп атау қалыптасқан. Ал қазақ шежіресінде қола дәуірінің ескерткіштерін "мықтың үйі" дейді және соған байланысты көптеген аңыздарды айтады. "Мық" сөзі - әлі этимологиялық түрғыдан зерттелмегендіктен, үзілді-кесілді пікір айту қиын, дегенмен, қысқа, бірақ нығыз дүниеге қатысты айтылады деп ойлаймыз. Мәселен, "мық жусан", "мық шеге", т.б. Мыққа қатысты шежірелер бұл жинаққа да енгізіліп отыр. Олай болса, Қазакстан жеріндегі қола мәдениетін "андронов" дегеннен гөрі, өзінің төл атауымен "мық мәдениеті" деген жөн деп ойлаймыз.
Қола дәуірінің этникалық тарихын "Авеста" аталатын көне Зәрдүш дінінің қасиетті кітабынан табамыз. Бұл қасиетті жырдың алғашқы нұсқасы б.э.д. II-I мынжылдықтарда қазақ жерін мекендеген арийдің бақташы тайпалары арасында туып, кейін келе Сасан әулеті билеген Парсы елінде хатқа түскен (б.э.III-VI гг.). Авеста кітабында арийлердің ата қонысы Арианам Байджа (Ариана Байтақ) деп аталады. Ол - Қара теңіз жағалауынан Алтай мен Шығыс Түркістанға (Қашқария), Орал тауларынан Иран қыратына дейінгі ұлан-ғайыр өлке. Бағатындары - қой, сиыр, жылқы мен түйе. Көліктері екі доңғалақты арба-күйме. Бұл өлкедегі өзендер - Ранха (Еділ), Ардви (Әму), Датья (Сыр). Осы этникалық ортада пайда болған, кейін дүниенің кең тарабына тараған дін - зороастризм (зәрдүш). Бұл діннің негізгі идеясы жаратылыс құрылымы, дүниенің тұтқасы жақсылық пен жамандық арасындағы күрестен келіп шығады дегенге саяды. Егер адам баласы жақсылық жағында болса, ол екі дүниеде де бақытты болмақ. Зороастризм дінінің әдет-ғұрпы отты қасиеттеуге арналған (Авестада - от, қазақ тілінде де - от). Адамдарды жерлеу дәстүрі ерекше - мүрдені жер астына түсіріп, сәкіге орналастырады, еті аққан соң, сүйегін бөлек шұңқырға салады (сақана тәртібімен жерлеу қазақта әлі кездеседі). Осы дінді тұтудың негізгі белгісі - свастиканы (күн символы) қадірлеу.
Деректерден біз Қазақстан жерін қола дәуірінде арийлерден басқа тур және хьона (қиян) тайпаларының мекен дегенін білеміз. Олардың өзара соғыстары Шығыс елдерінде миф немесе батырлық ертегі түрінде сақталған. Қола дәуірінің соңына қарай бақташылықтың өрістеп, көшпелі тіршілікке басы бүтін өту көне тайпалардың дүние-танымына және әдет-ғүрпына орасан зор әсер етті. Еуразиялық далалық кеңістікті игеру, әр түрлі қауіп-қатерден өту уақыттың жалғандығын сездірді. Жылқы сияқты жануарды қасиет түту да сол кезеңнен басталғаны сөзсіз, эпостардан батырлар мінген небір кұдіретті аттардың образын кездестіреміз (Шалкұйрық, Керқұла т.б.). Дүние кеңістігі ол заманда үш түрлі сферадан құралған сияқты - жоғары, орта, төменгі әлемдер. Ария тайпалары қоныс іздеп, Иран қыратынан әрі немесе Солтүстік Индия, Шығыс Еуропа жеріне аттанатыны да көшпелі өмір салты тудырған бір құбылыс.
Қола дәуірі әлеуметтік өмірде ерекше өзгерістер туғызды: ру көсемдері, жыраулар, ер-батырлар қоғамдық басты күштерге айналды. Әсіресе, Беғазы - Дәндібай сияқты ірі қорымдар - осының көрінісі.
Қазақстан тарихы: Оқулық хрестоматия / Құраст.: Ж.Артықбаев – Астана: «Фолиант», 2003. – 264 бет. – Б. 34-37
ДӘНДІБАЙ
Дәндібай - қола дәуірінің ескерткіші. Ол Қарағанды қаласынан оңтүстік батысқа қарай 60 шақырым жерде Шерубай-Нұра өзенінің оң жағасындағы кең жайылымда созылып жаткан көлемді жерлеу алаңы.
Бұрынғы Дәндібай ауылының жерінде орналасқан бұл обада (қорымда), саз балшықтан жасалған құрылыстардың үйінділері сақталған.
Нұра өлеңі жалығы - Орталық Қазақстандағы ежелгі адамлар қоныстанған жерлердің бірі. Мұнда әртүрлі кезеңдердің ескерткіштері сақталған. Дәндібай обасы Қарағанды төңірегінде орналасқан баска да ірі кешендермен бірге Орталық Қазақстандағы қола дәуірі кезеңі ескерткіштерінің ішіндегі маңызды бір бөлімін құрайды.
Кешенде Андронов мәдениетінің ескерткіштері басым болып келеді. Дегенмен де обаның оңтүстік жағында андрондық ескерткіштерден өзгеше шаршы түріндегі және үлкен көлемді тас қоршаулардын оқшау тұрған тобы бар. Бұл обалар тобын 1933 жылы М.П.Грязнов және баскалар зерттеген. Дәндібай кешеніндегі қазба жұмыстары барысында 11 қоршаудың құрылысы Орталық Қазақстандағы, яғни Беғазыдағы, кейінгі қола дәуірі жерлеу құрылыстарының құрылымына толықтай сәйкес келетіні анықталды.
…Дәндібай обасында ыдыстардың екі түрі кездеседі. Олардын бір тобы - қыш кұмыралар мен түбі жайпақ ыдыстар. Ыдыстарды жасауда, негізінен, ленталық тәсіл болып келетін андрондық өндірістік тәсіл сақталған. Екінші тобы пішінінің және өрнектерінің әралуандығымен, ыдыстардың қабырғасын саз балшықтан сығып шығарудың жаңа тәсілімен ерекшеленеді. Жаңа тәсілді қолдануда көздеген мақсаты - саз балшықтан жасалған ыдыдыстарды шар тәрізді (немесе домалақ) түрге келтіру болды.
Маргулан А.Х. Бегазы Дандыбаевекая культура Центрального Казахстана, А., 1979. С. 147, 150.
ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ АДАМДАР ӨМІРІНДЕ МЕТАЛЛ ДӘУІРІНІҢ БАСТАЛУЫ. ҚОЛА МӘДЕНИЕТІ
Шу мен Сырдариядан солтүстікке қарай жаткан Сарыарқа туралы көне дәуірдің жазба ескерткіштерінде аз айтылған. Ғасырлар бойы бұл өлке үлкен ғылыми жұмбақ болып келді. Тіпті аздаған жазба еңбектердің өзіндегі деректер де дұрыс жинақталған жоқ. Өкінішке орай, Орталық Қазақстанның тарихи-археологиялық тұрғыдан зерттелмеуі Қазақстанның солтүстік далалы аймақтарында көне өркениет ошақтары пайда болуы мүмкін емес деген теріс тұжырым туғызады. Тіпті Орталық Азияның көне тарихының тамаша білгірі В.В. Бартольдтың өзі: "Мәдени орта Сырдария жағасы мен Қаратау аралығындағы кеңістікпен шектелді" деген пікір білдірді, оның ойынша, солтүстікке қарай адамы жоқ қу медиен дала болған.
Жаңа зерттеушілер көрсеткендей, бұл айтылған пікірлер революцияға дейінгі ғылымның деңгейіне ғана делел. Біздің археологиялық экспедициялардың зерттеуі бойынша, Орталық Қазақстан өлкесінде мындаған жылдар бойы өзара туыс дала тайпаларының күрделі дамуы мен мәдени жалғастық үдерісі үздіксіз жүріп жатқан. Ескерткіштердің шоғырын зерттеу сол дәуірде Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалардың тарихи өткен жолын анықтап, өлке тарихының көптеген беттерін ашуға мүмкіндік берді. Қола мәдениеті өзінің айрықша белгілерімен: қоныстары мен суару құрылыстарынан, қыш жасау мен тас өндеу өнерінен, тас жасау әдістерінен анық көрінеді. Осының бәрі түптеп келгенде, Орталық және Солтүстік-Шығыс Қазақстанда мыс, қалайы жөне қорғасын, т.б. металдарды игеру кезеңінде орасан даму үдерісі болғандығын білдіреді.
Маргулан А.Х.Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. А., 1979. С.6-7.
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОТАЙ МӘДЕНИЕТІ
Ботай мәдениеті – энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстіктен-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясынының (1981 – 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) көлемі 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжар, жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс өздерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады.
Зайберт В.Ф., Поселение Ботай и задачи исследования энеолита Северного Казахстана. Энеолит и бронзовый век Урало-Иртышского междуречья, Челябинск, 1985; соныкі, Энеолит Урало-Иртышского междуречья, Петропавловск, 1993.
БЕСТЕРЕК ПЕТРОГЛИФТЕРІ
Қола дәуірінің ескерткіштері. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бестерек ауылының жанындағы Қалба тауы жотасында, Тоқсабай, Қошанай, Түлеке, Қамысты, Қарымсақ, т.б. қоныстар мен елді мекендер маңында тасқа қашап және сызу әдісімен салынған суреттер. Адамдар мен аңдардаң бейнелері көлемді әрі сол кезеңдерде кең тараған геометриялық төртбұрышты, қос үшбұрышты кейіпте салынған. Көпшілігі қола дәуірінің әр түрлі кезеңдерін (б.з.б. 2-мыңжылдықтың ортасы – б.з.б. 1-мыңжылдықтың басы) қамтитын бұл петроглифтерді 1970 – 80 жылы Қазақстанның
Ғылым Академиясының экспедициясын (жетекшісі З.Самашев) зерттеген.
Самашев З., Наскальные изображения Верхнего Прииртышья. А.-А., 1992
ҚАРАЕСПЕ ПЕТРОГЛИФТЕРІ
Тасқа қашап бедерленген ежелгі өнер туындылары. Алматы облысы Талғар ауданы Шолақ тауындағы Қараеспе шатқалында. 1982 – 83 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) экспедициясын (жетекшісі А.Марьяшев) зерттеген. Қараеспе петроглифтері шатқалдың батыс бөлігінде шоғырланған. Олар 50-ге жуық суреттен тұрады. Шатқалда айбалта ұстаған батырлар бейнелері бар. Мұнда қабылан секілді екі жыртқыш аң, бұғы, таутеке және басқа да хайуанаттар бейнеленген. Қараеспе петроглифтері көпшілігі сақ тайпаларының рухани өмірін көрсететін ежелгі мәдениет ескерткіші ретінде бағаланады.
Марьяшев А.Н., Горячев А.А., Наскальные изображения Семиречья, А., 2002
ҚАРАҚЫР ШИМАЙЛЫ ТАСТАРЫ, ҚАРАҚЫР ПЕТРОГЛИФТЕРІ
Б.з.б. 2 – 1 мыңжылдықтарда тастарға шекілген суреттер. Алматы қаласынан солтүстіктен-батысқа қарай 170 км. жердегі Тамғалы шатқалынан солтүстіктен-батысқа қарай 7 км. жерде орналасқан. Қарақыр шимайлы тастарын 1980 жылы қазіргі Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті археологиялық экспедиция тобы (жетекшісі А.Н. Марьяшев) ашып, зерттеген. Жартастағы суреттер бірнеше төбедегі ірі-ірі тастарға салынған. Мұнда антропоморфты бейнелер, күн басты құдай, аңшылар, салт аттылар, садақшылар нобайлары, “S” тәрізді кескіндер, солярлық белгілер тасқа қашап салынған. Негізінен батырлар жекпе-жегі, аңшылық көріністер, құрбандық шалу, жыртқыш аңдардың бейнелері басты орын алады. Суреттердің қашап салыну әдісі мен сюжеттері қола ғасырына жататын Тамғалыдан табылған петроглифтерге жақын. Кейбір аңдардың бедерлері скиф-сібірлік “аң” нақышындағы туындыға жатады.
Марьяшев А.Н., Горячев А.А., Наскальные изображение Семиречья, А., 2002.
ҚОЙБАҒАР ТАҢБАЛЫ ТАСТАРЫНДАҒЫ СУРЕТТЕР
Оңтүстік Қаратаудағы тастағы суреттер. 1971 жылы сол жердегі Күйкентай және Майдамтал ескерткіштері зерттеліп, басты назар Қойбағар кешеніне бөлінді. Қойбағар суреттері теңіз деңгейінен 700 м биіктікте Қаратау сілемдеріне орналасқан. Орналасқан жеріне қарай олар үш топқа бөлінеді. Бұл қырқалар Шымкент облысындағы Созақ ауданы Сызған кеңшарының оңтүстік-батыс жағында орналасқан. Суреттердің көп бөлігі қойтастарға салынып, оның бетіндегі тақта-тастар күннің көзінен жалтырап қап-қара болып көрінеді.
Қойбағар І, ІІ, ІІІ топтарында жалпы 1200-ден астам суретті қойтастар бар, ондағы әртүрлі суреттер саны 3045-ке жетеді. Негізінен жабайы аңдар мен жылқылар, арқар, тау-теке, адамның жабайы бұқаға, ешкіге шабуылы, бір топ иттің ешкілерге шабуылы бейнеленген. Осы суреттер салынуы жағынан Торғай петрогливтеріне ұқсас. Суреттердің кейбіреуі көлемі жағынан тіпті үлкен болып келеді. Мыс: жабайы бұқаларды мүйізі мен құйрығына дейін өлшегенде 50 – 80 см жетеді. Түйелер де осындай, бірақ жеке тұрған кейбіреулерінің ұзындығы 1 – 2 м жетеді.
Қойбағар І петроглифтерінде адамдар суреті көбірек бейнеленген. Олар көбінесе сызба болып бейнеленген, қолдары мен аяқтары өте ұзын. Біраз суреттер бұзылып, кете бастағандықтан ненің суреті екендігін анықтау қиынға түседі. Бір қызығы түйелердің бір-біріне байланып жүгіріп келе жатақанын да бейнелеген. Қойбағардан көбірек кездесетін суреттердің тобына арбаның дөңгелектері жатады. Оны оқымыстылар күн шеңберімен байланыстырады, ол ертедегі дүниежүзілік халықтардың Европадағы, Таяу Шығыстағы және т.б. жердегі діни наным-сенімдерінен туындаған болуы керек. Қазақстан аумағындағы осындай дөңгелектер салыну жағынан, түрі жағынан бір-біріне көп ұқсай бермейді. Қойбағардың түйеге шегілген арбаларының дөңгелегі кейде екеу немесе төртеу болып келеді.
Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна » ЖШС, 2006. – 768 б. Б.517
ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІ ХРОНОЛОГИЯСЫ МЕН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Б.э.д. I мыңжылдықты тарих ғылымында "ерте көшпелілер дәуірі" немесе "ерте темір дәуірі" деп атайды. Өз бастауын қола дәуіріндегі Беғазы - Дандыбай тайпаларынан алатын сақ-скиф қауымдастығы б.э.д. VIII-VII ғ. Таяу Шығысқа сан алуан жорықтар жасап, Египет, Мидия, Ассирия патшалықтарының қауіпті көршісі болды. Олардың әсіресе жиі араласқаны Ахеменид Әулеті билеген ежелгі парсы жұрты еді. Олардың қарым-қатынасы бірде бейбіт (сақтардың парсы әскерінің құрамында Эллин өлкесіне шабуыл жасауы немесе Спитаменнің Ескендір Зұлқарнайынға қарсы күресіне қолдау жасау), бірде жаугершілік мазмұнда болғаны тарихи деректерден белгілі. Әсіресе, VI ғ. ортасында (530 ж.) Кир патшаның сақ-массагет еліне жасаған шапқыншылығы жылнамашылар тарапынан жақсы сипатталған. Сақ-скиф этномәдени ортасына енген тайпалардың көпшілігі көшпелі мал шаруашылығымен өмір сүрді. Көшпелі тіршіліктің арқауы сан мындаған мал өсіріп, сол малдың ыңғайымен үздіксіз жайылым ауыстырып көшіп жүруде. Геродот "олар ағаш үйде тұрады" дегенде, алдымен көшпелілердің осы өмір салтына лайық киіз үйін айтқан болар. Александр Македонскийдің атасы Филипп патша сақ-скиф еліне жасаған бір жорығында 20 мыңнан астам асыл тұқымды жылқыны айдап оралды делінеді, ол да болса көшпелілердің негізгі кәсібі жылқы өсіру екенін айғақтаса керек. Сақ-скифтердің алдында Таяу Шығыс пен Еуропаға танылған көшпелілерді "киммер" деп атайды, бұл белгілі бір халықтың аты емес, жалпы салт атты жауынгер ел дегенді білдіреді. Көне Греция тарихшылары жазып алған сақтардың этногенеалогиялық аңыздарына қарағанда көшпелілердің шыққан ортасы Орталық Азия. Олардың бабасы - Тарғытай-Тәнірі (Папай) мен өзен Құдайы (Борисфена) арасындағы махаббаттың жемісі, алғашқы адам. Сақ аңызы бойынша Тарғытайдан үш ұл бала тарайды: Липоксай, Арпоксай, Колаксай. Осылардын заманында аспаннан бірнеше асыл зат түсіп: айбалта, тостаған, мойын-тұрық - скиф еліне нышан беріледі. Екі үлкен ағасы ала алмаған нәрселер Колаксайға бұйырып, сақтын төл жұрты кенже балаға еншіге тиеді.
Сақтар туралы деректердін негізгі көзі - Қара теңіз жағалауларына орныққан грек колонияларынын тұрғындары. Екі ел шаруашылық-мәдени тұрмыста жиі араласқан. Тіпті сақ ортасынан ұлы философ Анахарсистің шығуы да осы араластықтың жемісі деп тану керек.
Ол кезенде сақ-скиф тайпалары аздап егіншілікпен айналысқан. Оған куә скиф калалары аталатын Батыс өлкедегі отырықшы қоныстар (Неаполь). Ал енді қазақ сахарасын мекен еткен қауымдар (аргиппей, исседон, гипперборей, дай (дах), массагет т.б.) таза көшпелі мал шаруашылығынан айырылмаса керек. Жоғарыда айтканымызлай, сақ елінің тығыз араласқан өркениетті өлкесінің бірі - Иран жұрты. Екі ел арасында тек жаугершілік қана болып қойған жок, мәдени де қарым-қатынас тығыз дамыды. Оның тамаша көріністерін көшпелілердің материалдық мәдениетінен айрықша сезінеміз. Сақтар туралы деректер Иранның Персеполь сарайының іргетасына, Бехистун тас жазуына іліккен, тіпті сақ суреті де бар. Парсылар сақтардың үшке бөлінетінін баяндайды - тиграхауда - жебе бас киімділер, хаомаварга – хаом қайнатушылар, тиай-парадарайа – теңізден әрілер. Бұлардың көпшілігі Қазақстан жерін мекендеп, тамаша ескерткіштер қалдырған. Сонымен қатар, сақтар жөнінде Қытай деректері де кездеседі. Мәселен, Шығыс Түркістан, Жетісу өлкесін ғұндар мен үйсіндерге дейін "сэ" елі мекен еткен. Оларды батысқа қарай тықсырған юечжілер еді делінеді. Осы қозғалыс сэ (сак) тайпаларын Орта Азия жеріне, одан әрі Солтустік Индия өлкесіне жетелегені белгілі. Бұл оқиғалар б.э.д. III-II жүзжылдықтарда болған. Сақтардың әлеуметтік кұрылымы көшпелілерге тән қасиеттерімен танылады. Елдің көпшілігі жауынгерлікті кәсіп еткен, руларға біріккен еркін азаматтар. Саяси тізгін Тарғытай нәсілінен тараған патшаларда, дегенмен, елдің тағдыры үлкен кеңестерде шешіледі. Бұл салт Кир жорығына қатысты дайындыктың кезінде анық көрінеді. Көшпелі сақ этномәдени қауымдастығына енген рулардың ішінде әлеуметтік-саяси өмірде белсенді қызметке ие болғандары да немесе солардың айтқанымен ғана қозғалатын бағыныштылары да бар. Осыған қарағанда, әлеуметтік өмірдің бір реттеуші салты рулардың ішкі иерархиясында деп ойлауға тура келеді. Мемлекеттік институттардың қалыптасуы сырттан түсетін алым-салық мөлшеріне тығыз байланысты болса керек. Себебі, сақ-скиф қоғамында саяси биліктің іргетасы болатындай экономикалық негіз сезілмейді. Геродот Еспаққай көсемнің заманында сақтардың 28 жыл бойы Таяу Шығыста жорықта жүргенін жазады.
Сақ-скиф заманы адамзат баласы үшін өте маңызды кезең. Б.эд. VIII-VII ғғ. дейін әлемнің қай өлкесі болмасын өз бетінше, бейтарап дамып келсе, осы уақыттан бастап күрт өзгерістер басталғанын сезінеміз. Сондықтан ол дәуірді "кіндік уақыт" деп те атайды (К. Ясперс). Осы әлемдік жарысқа Еуразия ішкі өлкесін мекендеген сақ-скиф тайпалары елеулі үлес қосты. Олар Батыс пен Шығысты бір-бірімен араластырып, өркениет жетістіктерін үйлестіріп отырды. Көшпелілер Еуразиялық деңгейде рухани салт-дәстүрдің, дүниетанымның қалыптасуына тікелей ықпал етті. Мемлекет аталатын құбылыстың өзі де ол заманда көшпелілердің отырықшы елді бағындырып, басқару жүйесін жасауымен тығыз байланысты еді. Егер қазақ этногенезі тұрғысынан келсек, сақтарға тән құндылықтар (Тарғытай-Алаша хан, оның үш ұлы - қазақтың үш жүзі, әлеуметтік символдар, көктен түскен қасиетті заттар, әлеуметтік страттар кұрылымы) өте өміршең екеніне көзіміз жетеді.
Қазақстан тарихы: Оқулық хрестоматия / Құраст.: Ж.Артықбаев – Астана: «Фолиант», 2003. – 264 бет. – Б. 48-50
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАСТАУЫ. САҚ-САРМАТ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІ. ЭТНИКАЛЫҚ АТРИБУЦИЯ
Археологиялық материалдар бойынша б.з.д. V ғасырда Орта Азия мен Қазақстан тұрғындарының негізгі бөлігі еуропеоидтік кейіпте болғандығы анықталды. Жекелеген тайпалардың ерекшеліктерін біріктіретін іргелес жатқан тұрақты қоныстар, Орталық Азияда монғолоидтік нәсіл үстем болып келетін негізгі аралдарға жақын орналасқан. Солтүстік Қырғызстан мен Онтүстік Қазақстан осындай аудандарға жатады. Дәл осы жерде нәсілдік араласудың нәтижесінде ертедегі моңғолоидтік халық пайда болған. Персофольда тасқа қашалған суреттер осы аймақтың тұрғындарынікі болуы ықтимал. Баскиімнің тұрпатына, шығу тегіне қарай оларды тиграхауда сақтарына жатады деуге болады. Біздер Персофольдегі Ксеркс сарайында кескінделген тиргахауда сақтары Онтүстік Қазақстан, Солтүстік Қырғызстан мен Алтайдың ежелгі тұрғындары екендігін білеміз.
O.С.Смагұловтың анықтауы бойынша, Есік қорғанында жерленген жетісулық сақ еуропеоидтік кескін мен моңғолоидтік кескіннің араласуынан пайда болған. Оның жасы 16-18 жас шамасында екені анықталған.
Баскиімнің тұрпаты (формасы) мен әшекей бұйымдарының түрлері оның тиграхауда сақтарына жататындығы туралы пайдалы, қосымша дәйекті айғақтар беріп отыр.
Акишев К..А. Курган Иссык, А., 1978. С. 67.
ТАСМОЛА МӘДЕНИЕТІ
Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстанның ежелгі тайпаларының мәдениеті. Тасмола мәдениеті атауы кеңірек зерттелген Тасмола қойнауының атына сәйкес аталды. Ол “мұртты обалардың” болуына байланысты ерекше бөліп зерттелген. Тасмола мәдениетінің даму шартты түрде үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезең б.з.б. 7 – 6 ғасырларды қамтиды. Бұл кезең туралы Тасмола-1-5, Қарамұрын-1, Нұрманбет-4 қорымдары неғұрлым толық мәліметтер береді.
Тасмола мәдениетінің алғашқы кезеңінің обаларынан табылған заттар жиынтығы тұрақты болып келеді; ұңғылы, қос қанатты және үш қалақты жебе ұштары, сабының жоғарғы ұшы кесек немесе қол жылжымас үшін жасалған қаптамасы бар ақинақ-қанжарлардың айырықша түрі тек осы кезеңге ғана тән. Ұштары кішкене үзеңгі тәрізді қола ауыздығы және қоладан не мүйізден жасалған үш тесікті айшықтары бар, құрылымы ерекше жүген де сол уақыттарға тән.
Қолданбалы өнерге басын бері бұрып тұрған жолбарыстың алтыннан соғылған мүсіндері, қос доңғалақты арбаны безендіріп тұрған таутекелердің қола мүсіндері, қола айнаға бедерлеп салынған қабан мен бұланның мүсіндері, бұратылып жатқан қабандар түріндегі сүйектен және мүйізден жасалған тоғалар тән болып келеді. Б.з.б. 6 ғасырдың аяғына таман “аң” нақышындағы көп мүсінді туындылар пайда бола бастайды. Түйірлеу мен көмкеру әдісімен безендірілген жаңа зергерлік бұйымдар пайда болды (Жылынды, Шілікті, Арасан-1).
Тасмола мәдениетінің бастапқы кезінде-ақ темір пайдаланыла бастаған. Қақтау әдісімен темірден сабы сақиналы және түзу сапты пышақтар, сондай-ақ, айшықтар және жүгеннің бастырмалары соғылды. Екінші кезеңде (б.з.б. 5 – 3 Ғұндар) Тасмола мәдниеті көбінесе өзінен бұрынғылардың дәстүрлерін жалғастырады. Жерлеу жоралғыларының кейбір бөліктері ғана өзгерді, атап айтқанда, өлікке ат арнап, бірге көму дәстүрі жойылды. Қару-жарақ, шаруашылық және тұрмыстық қажетке арналған заттарды жасауда неғұрлым елеулі өзгерістер болды. Темір кеңінен пайдалана бастады. Б.з.б. 3 ғасырда жебенің ұшын жасауда да темір қоланы ығыстыра бастады. Басы үш қырлы жебе ұштары шықты. Дөңгелегінің кенересінде биік жиекшесі бар, қоладан жасалған шомбал айна енді болмайды. Олардың орнына сабы бар және дөңгелегі тегіс, шағын айналар шықты, айналардың саптары мен басқа да іс қажеттеріне арналған заттар “аң” нақышында жасалынған бейнелермен безендірілген. Көп мүсінді туындылар дамыды, негізінен аңдардың таласуы, жыртқыштардың шабуыл жасау көріністері бейнеленді, жануарлар дүниесінің шынайы бейнелерін кескіндемелік тұрғыдан бейнелеу тереңдей түсті.
Қорғантас қойнауынан табылған тікбұрышты қола тоғадағы барақ иттің бұғыны бас салып жатқан кезін бейнелейтін сурет көз тартар өрнекке айналдырылған. Сонымен бірге жерлеу кешендерінде неғұрлым ерте кезден таралған бұйымдар тобы сақталып қалды. Олардың ішінде қыш ыдыстар, тастан жасалған құрбандық құралдары және қайрақ тастар ерекше көрінеді. Орталық Қазақстандағы ежелгі малшылар тұрмысында ағаш және металл ыдыстар кең орын алған болуы ықтимал. Тас тізбекті обалар кешендерінде қыш ыдыстар кездеспейді деуге болады. Мұндай ыдыстар жиынтығы Қазақстан аумағының басқа аудандарының ертедегі қыш бұйымдарынан мүлде өзгеше және сонымен бірге Тасмола мәдениетінің барлық кезеңдерінде бірдей. Үшінші кезеңде (б.з.б. 3 – 1 Ғұндар) обалардың дәстүрлі түрі сақталған. Алайда, жерлеу ғұрпында тасмолалықтарға тән емес ерекшеліктер пайда болды. Бұл Нұрмамбет-1, Қарамұрын-2 қорымдарындағы үш құрылыстан айқын көрінеді. Жерленгендердің басын оңтүстікке қаратып салу, түбі жайпақ, түрі домалаңқы қыш ыдыстар жиынтығы, алебастрдан жасалған, темекі салып тартатын ыдыс үлгілері кездеседі. Жерлеу ғұрыптарындағы әр түрлілік пен қарама-қайшылық көрініс б.з.б. 1 мыңжылдықтың соңғы ғасырларында аймақта орын алған күрделі саяси жағдайды бейнелейді. Малшы тайпалар Орталық Азияның батысы мен шығысына көптеп қоныс аударды.
Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна», 2006. – 768 б. Б.684