5.3. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты


ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЕҚЫҰ

ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) – 1973 жылы құрылған, Еуропа мен Солтүстік Америка және Орталық Азияда орналасқан 56 мемлекеттен тұратын әлемдегі ең ірі ұйым. Ұйымның қызметі әсери қақтығыстарды болдырмауға, дағдарыстық жағдаяттарды реттеуге, әскери қақтығыстар салдарын жоюға бағытталған. Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы – әлемдік қауымдастық Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық беделін мойындағаны және оның жаһандық бастамаларын қолдағаны деп айтуға болады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған: «Сенім, дәстүр, транспаренттік және төзімділік» деген төрт ұстаныммен өтті. Қазақстан түрлі диалогтық алаңдар құру және мемлекеттік органдарға нақты кеңестер беріп, ЕҚЫҰ қызметінің басымдықтарына ие түрлі талқылаулардың бастамашысы болды. Астанада Саммит өткізу туралы шешім Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының және оның көшбасшысы бастамаларының жоғары бағалануының заңды нәтижесі болды. Ұзақ уақыттан бері алғаш рет өткізілген саммит ұйымға жаңа мүмкіндіктерге жетуге жол ашты. Саммитті өткізу халықаралық саяси күнтізбеде бұл Еуропадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосқан тарихи оқиғаға айналды.

«ЕҚЫҰ төнген қатерлерді ерте ескертіп қана қоймай, шапшаң іс­әрекеттер қолдануы тиіс. Біз сөзімізді ісімізбен бекітуіміз керек. Күллі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өзімізге шынайы жауапкершілік алуымыз қажет. Нақты көзқарастарды ұстана отырып, Еуропадағы бізді ұдайы мазалайтын мәселерді шешу жұмыстарын үдету қажет. Біз ЕҚЫҰ­ның барлық үш өлшемін қамтитын тиімді іс­әрекеттер жоспарын жасауымыз керек».

Марк Рютте Ниделандының Премьер­Министрі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. Тәуелсіздік нышандары. – Алматы. Фотокітап.ТЖО «Тау Кайнар», 2015 – 324 б. – Б: 194-195

 

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АҚШ: XXI ҒАСЫРДАҒЫ КЕҢЕЙТІЛГЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК

2018 жылғы 17 қаңтар

 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алған кезден бастап Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы қарым-қатынастардың даму қарқынын мойындай отырып, көшбасшылар саясат пен қауіпсіздік, сауда мен инвестициялар жөніндегі ынтымақтастықты, сондай-ақ екі ел халықтары арасындағы байланыстарды Кеңейтілген стратегиялық әріптестік комиссиясы аясында жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер өткізу арқылы нығайтуға шешім қабылдады. Екі мемлекеттің басшылары «C5+1» диалогы сияқты өңірлік ынтымақтастық форматтарын пайдалану арқылы Орталық Азиядағы ортақ сын-қатерлерге төтеп беруге дайын екендіктері туралы мәлімдеді. Сондай-ақ, болашақта Ауғанстанның «C5+1» жобаларына қатысуын да құптады. Олар Ауғанстандағы шиеленісті бейбіт жолмен реттеуге және өңірдің саяси және экономикалық байланыстарының одан әрі дамуына ықпал ететін бастамаларды ілгерілетуге қол жеткіземіз деп ұйғарым жасады. Екі ел көшбасшылары заң үстемдігі мен адам құқықтарын сақтай отырып, зорлық-зомбылық экстремизмі мен халықаралық терроризмге қарсы тұру үшін ынтымақтастықты тереңдетуге әзір екендіктерін білдірді.

Халықаралық көшбасшылық мұрасы

Президент Д.Трамп 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің сайланған мүшесі ретіндегі Қазақстанның жаһандық көшбасшылығын атап өтті. Ол 1992 жылы ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартқаннан бастап, қаруды таратпау ісіне күш салып келе жатқан халықаралық көшбасшы ретіндегі Қазақстанның мұрасын және ядролық қауіпсіздік жөніндегі қазіргі міндеттемелерін күшейтуін, сондай-ақ жуырда химиялық қарудың таратылуы мен қолданылуына жол бермеу шараларын күшейтуді қолдағанын жоғары бағалады. Екі көшбасшы Корей Халық Демократиялық Республикасының ядролық және зымырандық бағдарламаларын қоса алғанда, жаппай қырып-жоятын қарудың заңсыз таралуын айыптады. Екі ел Президенттері таяуда Қазақстанда ядролық байыту технологияларының таралу қаупін азайтуға бағытталған МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкінің ашылуын құптады.

Өңірлік қауіпсіздік

Президент Д.Трамп Ауғанстанға тұрақты логистикалық жәрдем беру және жол ашу, сондай-ақ гуманитарлық көмекті күшейтуге үлес қосу арқылы АҚШ-тың Оңтүстік Азия жөніндегі стратегиясын қолдауға Қазақстанның берік ұстанымы үшін Президент Назарбаевқа ризашылығын білдірді. Екі көшбасшы ауғандардың өз басшылығымен және күш-жігерімен жүретін бейбіт процес қана Ауғанстанға тұрақтылық пен қауіпсіздік әкелетінін растады. Президент Д.Трамп Қазақстанның ауған қауіпсіздік күштерін қолдауға арналған бұған дейінгі қаржылық жарналарын атап өтті. Президент Назарбаев ауыртпалық жүгінің әділ бөлінуін мақұлдай отырып, Ауғанстанның қауіпсіздік проблемасын шешуге қосымша қолдау көрсетуге әзір екенін тағы да растады. Ол, сондай-ақ, Ауғанстан әйелдерінің жағдайын жақсартуға ерекше назар аудара отырып, азаматтық және құқық қорғау мамандықтары бойынша Қазақстанда ауғандықтарды даярлау бағдарламасын кеңейтуді ұсынды. Екі көшбасшы Ауғанстанның көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобаларға Қазақстанның қатысуын құптады. Сирияға қатысты, тараптар зорлық-зомбылық шиеленісінің оң шешім табуына қол жеткізуге және БҰҰ қолдауымен Женева бейбіт процесі аясында қақтығысты саяси жолмен реттеу негізін нығайтуға бағытталған дипломатиялық бастамаларды құптады.

Қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық

Екі мемлекеттің көшбасшылары өңірлік қауіпсіздікті қолдау үшін ынтымақтастық, өзара ықпалдастық, қолжетімділікті және логистикалық маршруттарды кеңейтуге арналған бірқатар келісімдер жасауға ниет білдіре отырып, қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы екіжақты қарым-қатынастарды тереңдетуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Екі көшбасшы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен АҚШ Қорғаныс министрлігі арасындағы әскери ынтымақтастықтың төртінші бесжылдық жоспарына қол қойылғанын атап өтті. Президенттер интернет арқылы жасалатын электрондық коммерция және қылмыс қаупіне қарсы жаһандық ынтымақтастыққа негіз болатын Киберқылмыстар туралы конвенцияға қосылуға Қазақстанның мүдделілігін зерделеуге дайын екендіктерін айтты. Мұндай көпжақты келісімдерге қатысу халықаралық терроризм мен зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы күресу үшін құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды нығайтатын болады.

Экономикалық ынтымақтастықты нығайту

Президент Н.Назарбаев және Президент Д.Трамп екіжақты сауда мен инвестицияларды ұлғайтуға, екі елде де жұмыс орындары мен мүмкіндіктер ашуға бағытталған әділ және өзара тиімді экономикалық әріптестікті ілгерілетуге әзірліктерін білдірді. Президент Н.Назарбаев Қазақстан экономикасындағы Америка Құрама Штаттарының жетекші инвестор ретіндегі рөлін атап өтті. Президент Д.Трамп келешекте халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысудың бұлжымас шарты болып табылатын, Қазақстан тарапынан Дүниежүзілік сауда ұйымы аясындағы міндеттемелерді орындаудың, әділ еңбек қатынастарды қолдаудың, келісімшарттардың мызғымастығын қамтамасыз етудің және зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың маңыздылығын атап өтті. Президент Д.Трамп Қазақстанның әртараптандырылған және инновациялық экономиканы дамыту жөніндегі өршіл жоспарларын құптап, АҚШ-тың қаржылық даму институттарының Қазақстанға инвестициялар тартуға мүдделілігін айтты. Екі көшбасшы тұрақты әрі қалыпты сауда қатынастарын дамыту үшін заңнамалық шараларды қолдайтындықтарын мəлімдеді жəне Қазақстанға бұл мəртебені беру екіжақты сауда байланыстарын одан əрі нығайтуға жәрдемдесетінін мәлімдеді. Екі мемлекет басшылары мұнай-газ, ядролық қаруды таратпау және бейбіт ядролық даму салаларын қоса алғандағы екіжақты энергетикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын Энергетика саласындағы стратегиялық диалог деңгейін көтеруді белгілеп берді. Көшбасшылар цифрлық экономика, денсаулық сақтау, коммерциялық авиация, қаржы, банк ісі, ауыл шаруашылығы және ғарышты зерттеу салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді. Президенттер Орталық Азиядағы Сауда және инвестициялар жөніндегі негіздемелік келісімге (TIFA) өздерінің ықыласты екенін растады және Ауғанстанның болашақта TIFA Кеңесінің кездесулеріне қатысуын құптады. Қазақстан және Құрама Штаттар Қазақстандағы қоршаған ортаға төнетін қауіптерді бағалап, табиғи апаттар қатерін азайту үшін ғарыштық технологияларды пайдалану саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр. Көшбасшылар, сондай-ақ, Қазақстан экономикасы үшін қандай да бір аңдаусыз жағдайды болдырмау мақсатымен санкциялар мәселелері бойынша кеңесіп отыруға ниетті екендіктерін білдірді.

Адами өлшем

Президенттер адам капиталын дамытуға деген ұмтылыс екі елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігіне қолдау болатын болашаққа деген инвестициялар екенін мойындады. Көшбасшылар екі ел арасындағы дипломатиялық және консулдық байланыстарды кеңейтуді жөн көрді. Президент Д.Трамп Қазақстанның ағылшын тілін меңгеру деңгейін көтеруге бағытталған бастамасын құптап, Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін оқыту бағдарламаларын жетілдіру үшін көмектесуге дайын екенін білдірді. 

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтынан алынды

 

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

Орталық Азия аймақ мәртебесіне ие болғанына шамамен үш он жыл болды. Тарихи стандарттар бойынша бұл шамалы мерзім, бірақ оқиғалардың қанықтылығы бойынша ол бүкіл дәуірді қамтиды. Осы уақыт ішінде Қазақстан мен Орталық Азия республикалары өздерінің күрделі тарихи жолын бірге жүріп өтті.

Басынан бастап тәуелсіздікке дейін егеменді мемлекеттердің қалыптасу векторы әртүрлі бағытта болды. Ал қазір бұл даму процесі бірегей тәжірибе болып табылады. Сонымен қатар, ішкі және жалпы аймақтық проблемаларды жеңе отырып, Орталық Азия елдері өзара сындарлы қатынастарды сақтай алды.

      Осыған байланысты қазақстандық сыртқы стратегияда көрші республикалармен қарым-қатынас тұрақты түрде басым мәнге ие. 1991 жылдың желтоқсан айында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілі Беловеж келісіміне шоғырландырылған жауап әзірлеу үшін жақын көршілерінің сеніміне ие болды.

Сол кезде Ашхабад мәлімдемесіне қол қоя отырып, бес республиканың президенттері жаңа тәуелсіз мемлекеттерді тең негізде жанжалсыз құқықтық ресімдеу үшін прецедент құрды. Осы мақсатта қазақстандық көшбасшы Алматыға посткеңестік республикалардың барлық басшыларын шақырды.

Сол жылдардағы саяси шешімдер үлкен державаның ыдырауындағы ең нашар сценарийлердің алдын алған болуы мүмкін. Дәл осы «азиялық бестік» болашақ қатынастардың іргетасына барлық ұлттар мен ұлыстардың теңдігі, сондай-ақ аумақтық тұтастық пен шекараларға қол сұғылмаушылық принциптері негізделгеніне назар аударды.

Осыған қарамастан, орталықтан тепкіш қозғалыс бұрынғы Кеңес Одағының бірқатар аймақтарын қамти бастады, кейде қарулы қақтығыстармен бірге жүрді. Сонымен, тәжік халқы үшін үлкен сынақ бес жылдық қанды азаматтық соғыс болды.

      Қазақстан көрші елдермен бірлесіп тәжікаралық әскери текетіресті бейбіт жолмен реттеуге ең белсенді қатысты, ал ТМД бітімгершілік күштері құрамындағы жиынтық қазақстандық батальон сегіз жыл бойы тәжік-ауған шекарасын күзету жөніндегі үкіметтік міндетті орындады.

Ыдырау процестерінің салдары ретіндегі үлкен саяси, экономикалық және әлеуметтік шығындарды ескере отырып, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан арасындағы біріктіру мотивтері одан кейінгі барлық жылдарда әртүрлі дәрежеде табыстармен жалғасты.

Тәуелсіздік алған сәттен бастап дерлік республикалар әртүрлі құрамдардағы өзара қарым-қатынастарды дамыту және өзара кедергілерді еңсеру үшін әртүрлі институционалдық нысандарды сынап көрді. 1993 жылы Ташкентте өткен мәжілісте Орта Азия республикаларының басшылары толық құрамда тең құқылы және өзара тиімді экономикалық және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен коммюнике қабылдады.

Олар өз үкіметтеріне баға саясаты, коммуникацияларды дамыту, энергиямен қамтамасыз ету, Арал және Каспий теңізінің проблемаларын аймақ мемлекеттерінің мүдделері үшін пысықтауды тапсырды.

Алайда, 2006 жылдан бастап Орталық Азия Ынтымақтастық Ұйымы таратылғаннан кейін аймақтық ынтымақтастық үрдісі айтарлықтай төмендеді. Бұл мәселе бойынша әртүрлі пікірлер бар: экономикалық модельдердегі елеулі айырмашылықтар, өсіп келе жатқан ұлттық қайшылықтар, сыртқы араласу және т.б.

Өз кезегінде, Ресей халықаралық істер кеңесінің сарапшысы Андрей Казанцев Орталық Азиядағы интеграциялық идеялардың ауқымы 1990-2000 жылдардың басындағы кезең деп есептей отырып, өз нұсқасын алға тартады. нақты экономикалық құралдармен қамтамасыз етілмеді.

Қазіргі таңда бес республиканың ынтымақтастығы қайтадан жанданды. Астана мен Ташкенттегі президенттер арасында өткен жұмыс кездесулері аймақтық өзара іс-қимылдың тығыз тенденциясын тағы да айқындады.

Осылайша, өткізілген саяси кездесулер аясында бесжақты ынтымақтастықты дамытудың негізгі ағымдағы бағыттары жарияланды, оның ішінде:

- су-энергетика секторы;

- қауіпсіздік;       

- сауда-экономикалық қатынастар;

- транзиттік және көліктік әлеует;

- мәдени-гуманитарлық салалар.

Жалпы, Орталық Азия форумы аймақтың болашаққа жаңа геосаяси субъективтілігін айқындайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, бұдан былай Орталық Азияның мәселелерін үшінші тарапсыз өз күшімізбен шешетін боламыз.

Қазір қарым-қатынастың бұл форматы бұрынғыдан да сұранысқа ие. Аймақ үлкен экономикалық әлеуетке ие және Еуропа мен Азиядағы ірі державалар мен саяси бірлестіктер арасындағы маңызды буын болып табылады.

Сырттай ол «C5» немесе «C5+» ретінде тұжырымдалған. Ал өзбек саясаттанушысы Кудратилла Рафиков айтқандай, мұндай форматтар «аймақ мемлекеттері үшін өзара және сыртқы әлеммен ынтымақтастықтың қандай да бір тұғырнамасы (немесе үлгісі) болуы керек».

Айта кету керек, Орталық Азия республикалары басшылығының интеграциялық үдерістерді қалпына келтіру ниеті айтарлықтай салмақты. Сондықтан алдағы уақытта алда тұрған міндеттердің ауқымдылығы мен күрделілігін ескере отырып, саммит кездесулері әзірге тек саяси консультациялар түрінде өтуде.             \Алайда, әлемдегі қазіргі дағдарыстық құбылыстар жағдайында бес мемлекеттің ішкі, аймақтық және жаһандық проблемалар кешені бойынша шоғырландырылған ұстанымы ең сындарлы көзқарасты білдіреді.

Болат Аелбаев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы (e-history)

 

ҚАЗАҚСТАН МЕН НАТО ҚАТЫНАСТАРЫ

Қазақстан мен НАТО арақатынастары — Қазақстан Республикасы мен Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы (НАТО) арасындағы қарым-қатынас.

Қазақстанмен қарым-қатынас 1992 жылы, ел Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне кірген кезде басталды. Бұл диалог форумы 1997 жылы еуроатлантикалық аймақтағы барлық одақтастар мен серіктес елдерді біріктіретін еуроатлантикалық серіктестік кеңесін алмастырды.Практикалық ынтымақтастық Қазақстан 1995 жылы "Бейбітшілік жолындағы серіктестік" бағдарламасына қосылған кезде басталды. НАТО Бас хатшысының Кавказ және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі елге тұрақты сапарлар арқылы Қазақстан билігімен жоғары деңгейде саяси диалог жүргізеді.

Қазақстан мен НАТО арақатынастары тарихы:

  • 1994 жылы Қазақстан Одақпен тығыз әскери ынтымақтастық орнатқан бейбітшілік үшін серіктестік бағдарламасының құрамына енді.
  • 1995 жылы Қазақстан бейбітшілік үшін серіктестік бағдарламасына ресми түрде қосылды.
  • 1997 Қазақстанда НАТО елдерінің қатысуымен Қазақстанның бітімгершілік бөлімшелерінің НАТО басшылығымен операцияларға қатысуға дайындығын арттыруға бағытталған "Steppe eagle" ("дала бүркіті") атты алғашқы жыл сайынғы бітімгершілік оқу өткізіледі.
  • 2002 жылдан бастап Қазақстан Жоспарлау және талдау процесіне қатысады. Бұл қазақстандық армия бөлімшелері мен одақтастардың Альянс бөлімшелері арасындағы жедел үйлесімділікті арттыруға көмектесті. НАТО одақтастарымен бірлесіп жұмыс істеу үшін бітімгершілік полкті дамыту бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде. Қазақстан виртуалды Жібек магистралі бағдарламасына қосылды . Қазақстан ПРМ жоспарлау және талдау процесіне қосылады.
  • 2004 жылы Стамбулда өткен кездесуде НАТО елдерінің басшылары Кавказ бен Орталық Азияға ерекше назар аударады: НАТО-ның аймақтағы арнайы өкілі және онымен байланыс жөніндегі қызметкер тағайындалды.
  • 2006 жылдан бастап Қазақстан мен НАТО арасында бейбітшілік жолындағы әріптестік аясында "Дала бүркіті" бірлескен әскери оқу-жаттығуы өткізіліп келеді.
  • 2006 жылы Қазақстан мен НАТО 2006 жылдан 2008 жылға дейінгі кезеңге арналған бірінші ЖКП-ны, сондай-ақ 2006 жылға арналған әріптестік мақсаттарын келіседі.
  • 2007 жылдан бастап Қазақстанда Қазақстан Ұлттық қорғаныс университетімен бірлесіп қорғаныс саласындағы білім беруді жетілдіру бойынша НАТО бағдарламасы (DEEP) бар.
  • 2007 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың НАТО штаб-пәтеріне сапары. "2007 жылғы ПАРП-ны бағалау" құжатында серіктестік мақсаттарын іске асырумен байланысты жағдай көрсетілген. Қазақстан мен Ұлыбританиядан келген екі ғалым 2007 жылы Кеңес Одағы ядролық сынақтар жүргізген Семей полигонында (Қазақстан) радиоактивті ластануға талдау жүргізудегі үздік ынтымақтастығы үшін ғылымдағы әріптестігі үшін сыйлыққа ие болды. Әл-Фараби университетінде НАТО ақпараттық орталығы ашылды.
  • 2008 Ұлттық кітапханада НАТО депозитарлық кітапханасының салтанатты ашылуы. Қазақстанның Қорғаныс министрі Даниал Ахметов НАТО-ның штаб-пәтеріне сапармен келіп, Солтүстік Атлантикалық кеңестің алдында 2006-2008 жылдар аралығындағы кезеңде ӨСАБ нәтижелері туралы баяндама жасайды.
  • 2009 жылы НАТО Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер Қазақстанға сапармен келеді. Астанада Еуроатлантикалық әріптестік Кеңесінің қауіпсіздік форумы өтуде. НАТО-ның "Жетісу-2009"апатына ден қою бойынша оқу-жаттығулары өткізілуде.
  • 2010 Қазақстан Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың НАТО-ға сапары. НАТО мен бірқатар елдер, соның ішінде Қазақстан арасында Ауғанстанға ИСАФ-тың өлімге әкелмейтін жүктерін транзиттік теміржол тасымалы туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Бейбітшілік жолындағы серіктестік

Қазақстан Республикасы және НАТО арасындағы ынтымақтастық 1994 жылы қол қойылған «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» (БЖС) бағдарламасына негізделеді.

Қазақстанның БЖС бағдарламасының шеңберіндегі ынтымақтастығы НАТО-мен ықпалдастық бағыттарын қамтиды, оған әскери жоспарлау үдерістеріндегі жариялылық, қарулы күштерге және қорғаныс құрылымдарына демократиялық бақылау жасау, БҰҰ аясындағы және НАТО шеңберіндегі операцияларға үлес қосу үшін әскери дайындық пен қажетті әлеуетті қолдау, келешекте НАТО күштерімен ықпалдаса алатын күштер құру, гуманитарлық, бітімгерлік және басқа операцияларды өткізу қабілетін көтеру үшін оқу-жауынгерлік дайындық пен жаттығулар өткізуді жоспарлауды бірлесіп жүзеге асыру мақсатында НАТО-мен әскери ынтымақтастықты дамыту және т.б. енеді. Осы бағыттағы бірлескен жұмыс Серіктестік іс-қимылдарының жеке жоспары (СІЖЖ), Жоспарлау және талдау үдерісі (ЖТҮ) және Жедел әлеует тұжырымдамасы (ЖӘТ) бағдарламаларының аясында жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңі 2006 жылғы 31 қаңтарда қабылданған Серіктестік іс-қимылдарының жеке жоспары (СІЖЖ) шеңберінде Қазақстан мен НАТО арасындағы өзара әрекеттестіктің барлық салалары іске асырылады. Оған саясат, төтенше азаматтық жоспарлау, ғылым мен әскери әрекеттестік бағыттары енгізілген.

НАТО-мен ынтымақтастықтың басым бағыттары:

  • Серіктестік іс-қимылдарының жеке жоспары (СІЖЖ) аясындағы ынтымақтастық;
  • Жоспарлау және талдау үдерісі (ЖТҮ) аясындағы ынтымақтастық, бұл бағдарламаны қорғаныс жоспарлауының құралы ретінде пайдалану, доктриналық құжаттарды жасаудағы консультациялар мен қолғабыс;
  • Серіктестік мақсаттарын тиімді іске асыру үшін іс-шаралар сапасын көтеру;
  • Қазақстан мен НАТО елдерінің (серіктестердің) әскери оқу орындарының арасындағы ынтымақтастық, НАТО тарапынан кәсіпқой дайындық пен білім берудегі консультациялар;
  • НАТО стандарттарын ескере отырып әскери білім беру жүйесін реформалаудағы консультациялар, әскери кадрлерді даярлауда қолғабыс;
  • "Дала қыраны" жаттығуларын "Бейбітшілік жолындағы серіктестік" рухында өткізу;
  • КАЗЦЕНТ курстарын аккредитациялау;
  • "Казбригті" Жедел әлеует тұжырымдамасы тетіктеріне сәйкес дайындау, оның әзірлік деңгейін анықтауға сарапшылар тобын шақыру, одан кейін Альянс бөлімшелерімен жедел ықпалдастық деңгейін көтеру және теориялық машықтарды іс жүзінде орындау үшін НАТО жаттығуларына қатысу;
  • Аэроұтқыр және инженерлік әскерлерді техника мен құралдардың заманауи үлгілерімен жабдықтау.  азақстанның Бельгиядағы Елшілігінің парақшасынан алынды «Қазақстан-НАТО»)

Мәліметтер «NATO ATLANTIC TREATY ORGANIZATION» ресми сайтынан алынды

 

ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) – жылы құрылған аймақтық халықаралық қауымдастық. Ұйымның негізін Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің көшбасшылары қалады. ШЫҰ-ның басты мақсаты ұйымға мүше-мемлекеттер территориясындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, терроризмге, сепаратизмге, экстремизм мен есірткі айналымына қарсы күресу, экономикалық ынтымақтастықтың, энергетикалық серіктестіктің, өзара ғылыми және мәдени ықпалдастықтың дамуын жалғастыру болып табылады.

Қазақстанның ШЫҰ төрағалығы (2010-2011 жылдар) Орталық Азиядағы әртарапты ынтымақтастықтың нығаюына қосылған зор үлес қосылған маңызды кезең болды. Республиканың ұйымға төрағалық ету қызметі Президент Нұрсұлтан Назарбаев айқындаған «қауіпсіздік пен ынтымақтастық жолындағы 10 жыл» деген ұранға сәйкес іске асты. Өзара сенімнің, теңдіктің, мәдениеттердің алуан түрлілігіне құрмет пен өзара тиімді дамуға ұмтылыстың «Шанхай рухын» басшылыққа ала отырып, Қазақстан ШЫҰ мерейтойын нақты істермен қарсы алу үшін барлық жағдай жасады.

«Қазақстан Республикасының осындай беделді ұйымға төрағалық етуі оның имиджінің одан әрі арта түсуіне айтарлықтай деңгейде септігін тигізді, бұл өз кезегінде Астананың жүйелі және жауапты сыртқы және ішкі саясатының айғағы болып табылады». (Мұратбек Иманалиев,Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы)

«Тұрақты жұмыс істейтін жоғары ұлттық болжау институтын құрып, ШЫҰ дамытудың бірыңғай көрінісін жасайтын уақыт жетті. Күш біріктіріп ШЫҰ­2030 және ШЫҰ ­2050 жобалық болжауларын жасауымызға болады. Бұл жаһандық дағдарысқа қарсы тұруымыз үшін қажет». (Нұрсұлтан Назарбаев)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. Тәуелсіздік нышандары. – Алматы. Фотокітап.ТЖО «Тау Кайнар», 2015 – 324 б. – Б: 196-197

 

ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

Ислам Конференциясы ұйымы (ИКҰ) – 57 елден тұратын, ауқымы жағы нан БҰҰ-дан кейінгі екінші ұйым. 1972 жылы ИКҰ жарғысы қабылданды. Жарғыда ұйымның төмендегідей мақсаттарын көрсетілген: мүше-мемлекеттер арасындағы ислам ынтымақтастығын ынталандыру; саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және ғылыми салалардағы ынтымақтастықты нығайту; нәсілдік кемсітушілікті жоюға қол жеткізу; халықаралық бейбітшілікті сақтау үшін қажетті шаралар қабылдау; киелі орындарды қорғау.

Қазақстан ИКҰ-ға 1995 жылы ислам әлеміндегі саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық процесстерге белсене қатысу мақсатында кірді. 2011 жылы ИКҰ мүшемемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің кеңесі (СІМК) ұйымға Қазақстанның төрағалық жасауын қолдады. Қазақстанның халықаралық ұйымға төрағалығы: «Бейбітшілік, ынтымақтастық және даму» ұраны аясында жүзеге асты. 2011 жылы Астанада Сыртқы істер министрлігі кеңесінің шешімімен ИКҰ Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) болып өзгертілді. Оның атауының өзгеруі ұйымның ғана емес, тұтастай алғанда ислам әлемінің жаңаруын білдіреді.

«Мұсылман әлемімен жан­жақты ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне толықтай сай келеді. Егеменді еліміз өз алдына жаһандық, аймақтық және ұлттық деңгейдегі ауқымды мақсаттар қойды. Бұл Қазақстанның ислам үмметі мен Батысты байланыстыратын алтын көпір ретіндегі рөлін нығайтуды да қамтиды». (Нұрсұлтан Назарбаев)

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаты Қазақстанның әлемдік дипломатиялық аренада маңызды факторға айналып, оның мұсылман әлеміндегі тұрақтылыққа қол жеткізудегі рөлін нығайта түскен сыртқы саяси бастамаларды жүзеге асыруына мүмкіндік берді. Республикада мәдени байланыстың нығаюына және өркениеттердің жақындасуына, дінаралық үйлесімнің, төзімділіктің, ұстамдылық пен жаңашылдықтың бекуіне қажетті барлық мүмкіндік бар».

Экмеледдин Ихсаноглу, ИЫҰ бас хатшысы

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. Тәуелсіздік нышандары. – Алматы. Фотокітап.ТЖО «Тау Кайнар», 2015 – 324 б. – Б: 198

 

АЗИЯДАҒЫ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН СЕНІМ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

Азиядағы өзара ынтымақтастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) – Еуроазия құрлығы елдеріндегі үш миллиард адамның басын қосқан халықаралық форум болып табылады. Оның алдына қойған мақсаты тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ұйымға қатысты мәжіліс өткізу идеясын 1992 жылдың қазан айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-інші сессиясында Қазақстан алғашқы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды.

АӨСШК алғашқы саммиттері 2002 және 2006 жылдары Алматыда өткізілді. Оған Қазақстан, Ресей, Қытай, Пәкістан, Түркия, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан елбасылары, Әзербайжан мен Үндістанның премьер-министрлері, Иран, Мысыр, Палестина мен Израильдің ресми өкілетті тұлғалары және басқа да мемлекеттер мен ұйымдардың бақылаушылары қатысты. Бірінші Саммит барысында ұдайы кездесу, саяси кеңес беру мен форум аясындағы басқа да қызметтерді әкімшілік қолдау мақсатында АӨСШК-ға қажетті құрылым беру туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде, Алматы актісіне қол қойылып, Терроризмді жою мен өркениеттер арасындағы байланысқа өзара ықпал ету туралы декларация қабылданды.

«22 жыл ішінде кеңес толыққанды халықаралық ұйымға айналды. Бұл өте үлкен ілгерілеу және аймағымыздың бейбіт гүлденуі үшін маңызды қадам. Қазір, бұрынғыдан да тығыз ынтымақтастық пен байланыс орнатудың сәтті кезеңі туып отыр деп ойлаймын». (Реджеп Тайип Эрдоган, Түрік Республикасының Президенті)

«АӨСШК Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күш­жігері арқасында пайда болды және оның Еуразия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиясының жімісі болып табылады». (Ашраф Гани Ахмадзай, Ауғанстан Президенті)

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. Тәуелсіздік нышандары. – Алматы. Фотокітап.ТЖО «Тау Кайнар», 2015 – 324 б. – Б: 200-201

 

← Тізімге оралу