Басқарудың әкімшілік жүйесін іске асыру өзінің шекаралары жағынан кеңейіп жатқан империя жағдайына да қолайлы болды. Крепостниктік құқықты жоя салысымен Ресей үкіметі әлеуметтік-саяси өмір ағысын түбірімен өзгерткен бірқатар реформаларды: земстволық, соттық, қалалық, және басқаларын жүзеге асырды. Капитализмнің дамуы “тереңінен” де кеңінен де жүріп жатты. Осындай жағдайда Ресей Қазақстанда басқарудың бұрынғы жүйесін түбірінен өзгерту міндетін алға тартты. Қазақстанды басқару жөніндегі ереженің жобасын даярлау үшін үкімет ... деп аталатын комиссия құрды. Бұл реформаны әзірлеу кезінде қалың халық бұқарасының көңіл-күйі еске алынбады. Ш.Уәлиханов қазақтардың материалдық тұрмыс халін арттыруға және аман-есендігін, өмір сүрулеріне жәрдемдесетін радикальді (негізді) реформа жүргізуді жақтады. Ол Қазақстанда халықтың өзін-өзі басқару жүйесін енгізуді ұсынды: “.................” туралы хатында ол қазақ халқы үшін аса маңызды нәрсе әлеуметтік- экономикалық жаңалықтар енгізу деп есептеді. 1868 ж. 11 шілдеде Александр II- ... басқару туралы ережелер жобасына, 1868 ж. 21 қазанында ... басқару туралы ережелер жобасына қол қойды. Сонымен Қазақстанды басқару жөніндегі “................ ережені” үкіметтік шенеуніктердің ойластыруы негізінде, ... сұлтандардың және басқалардың белсенді қатысуымен патша үкіметі әзірледі.