Қазақстан тарихы бойынша глоссарий

Санаттар:

«Барбаросса жоспары» ( нем. «қасиетті Рим империясы» императоры I Фридрих Барбароссаның есімімен аталтан)

фашистік Германияның КСРО-ға қарсы агрессиялық соғысының жоспары осылай аталған. Жоспарда кеңес әскерлерінің негізгі бөлігінің Ресейдің ішіне қарай шегінуіне жол бермей отырып, Днепр және батыс Двина өзендерінің батыс жағында талқандау көзделді. Одан кейін Мәскеуді, Ленинград пен Донбасты алып, Архангельск-Еділ-Астрахань бағытына шығу жоспарланды.

Басыбайлылык (крепостнойлык)

құқық шаруалардың феодалға бағыныштылығының бір түрі: оларды жерге бекітіп қояды және феодалдың әкімшілік сот биліктеріне бағынады.

Бесжылдык жоспар (бесжылдық)

КСРО-дағы әлеуметтік-экономикалық дамуды бір орталықтан жоспарлаудың негізгі нысаны. Мемлекеттік бесжылдық жоспар партия съездерінің шешімдері негізінде жасалды.

Большевиктер

саяси партия. 1903 жылы Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясының ІІ съезінде ұйымдастырушы мәселелерге қатысты тартыста В.И.Лениннің басшылығында жақтаушылар көпшілік дауыс алғанына байланысты осылай аталып кетеді. Марксизм идеяларымен қаруланған бұл партия кейін коммунистік деп аталды.

Буржуазиялык революция

феодалдық құрылысты немесе оның қалдықтарын жоюды алдына мақсат етіп қоятын революция; тәуелді және отар елдерде ұлттық тәуелсіздікті алуға бағытталған.

Бюджет тапшылығы

мемлекет бюджетінің кірісінен гөрі шығысының артып кетуі.