Қазақстан тарихы бойынша глоссарий

Санаттар:

Идеология (грек, idea үғым, түсінік. Logos соз; үғым, ілім)

саяси, құқықтық, өнегелілік, діни, эстетикалық және философиялық көзқарастар мен идеялардың жүйесі, онда адамдардың шындық болмысқа қатынастары танылады және бағаланады.

Иммиграция (латынша іm-mіgrare – көшіп келу)

қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша (Қазақстан заңнамасы бойынша алты айдан көп мерзімге) тұру үшін көшіп келуі.

Индустрияландыру

халық шаруашылығының барлық салаларында ірі машина өндірісін құру процесі.

Интеграция (лат. integer тұтас)

бір типтес қоғамдық құрылыстағы екі немесе одан да көп мемлекеттердің экономикадағы ұлттық шаруашылықтарының бір-біріне үйлесуі және бірігуі.

Интенсивті эконмика

техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің тиімді өсуі.

Интервенция (лат. interventio кірісу. араласу)

бір немесе бірнеше мемлекет бірлесіп, өзге мемлекеттің ішкі ісіне немесе үшінші мемлекетпен арақатынасына күш қолдану арқылы араласуы. Интервенция әскери экономикалық дипломатиялық идеологиялық болуы мүмкін.

Ирридента

өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда ол аумақта түрлі себептермен өзге ел құрамына еніп, сонда қалып қойған этникалық топ.