Қазақстан тарихы бойынша глоссарий

Санаттар:

Кадеттер

Конституциялық-демократиялық партия (КДП) мүшелері. Кадеттер 1917 жылы Ақпан төңкерісінде монархияны сақтап қалуға күш салса, көп ұзамай сол жылы болған Қазан төңкерісі кезінде республикалық жүйені жақтады.

Казачество

Қазан революциясына дейінгі Ресейдегі әскери сословие. Басыбайлы шаруалардың бір бөлігі қанауға шыдай алмай Ресейдің оңтүстігі мен шығысына қашып барып ХҮ-ХҮІІ ғғ. әскери-феодалдық сословие ретінде пайда болды. Казактар тек озінің бостандығын алып қана қойған жоқ. Ресей мемлекетінің шекара қауіпсіздігін де қорғады.

Капитализм (лат. capitalis)

капиталистік қоғамның үстем табы, өндірістің маңызды құралдарының меншік иесі, жалдамалы еңбекті пайдалану.

Кебеже

сүрленген етті, кептірілген құртты және басқа тағамдарды салып қоятын көшпенділердің үй жиһазы.

Кесінді (отрезки)

1861 жылғы реформадан кейін помещиктің есебінен шаруалардың пайдалануына бөлініп берілген жер кесіндісі.

Коллегия (лат. collegium)

Ресейде 1 Петр кезінде қүрылған мемлекеттік баскарудың жекелеген салаларын басқаратын орталық мекеме.

Колония (лат. colonia қоныстандыру)

саяси жоне экономикалық дербестігінен айырылған және арнайы режиммен басқарылатын, басқа шетелдік мемлекеттің қоластына қарайтын ел немесе аумақ.

Конфедерация

тәуелсіз мемлекеттердің белгілі бір ортақ мақсатқа жету үшін жасасқан түрақты одағы.

Кооперация (лат. coperatio бірлесу)

1) еңбекті үйымдастыру нысаны, онда көп адамдар бір-біріне өзара байланысты бір немесе әртүрлі еңбек процесіне бірлесіп қатысады; 2) кооператив мүшелерінің топтық меншігіне негізделген өндірісті социалистік ұйымдастыру нысандарының бірі.

Кордон

шекара күзеті болатын жер.